Воскресенье, 19.05.2024, 03:15
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 
Главная » 2012 » Апрель » 23 » «Төрткүл – XI -XIII ғ.ғ.» керуен-сарай кешені
09:14
«Төрткүл – XI -XIII ғ.ғ.» керуен-сарай кешені


Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі бойындағы ортағасырлық

«Төрткүл – XI -XIII ғ.ғ.» керуен-сарай кешені

 

Сонау көне заман соқпақтары сорабынан сүрінбей өтіп, қазіргі халық тарихына айналған көне мұралардың айғағын ашып зерттеу әрбір саналы азаматтарымыздың қарызы мен парызы. Біздің халқымызға нешеме ғасырлар сыйлаған ғаламат тарихи мұраларға мемлекетіміз тәуелсіздікке жеткеннен кейін ғана қол жеткізудің реті келді.Тұлпар шапса тұяғы, сұңқар ұшса қанаты талатын самсаған сары далада құнды тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріміздің  мен мұндалап тұрғаны қаншама?! Тарихи деректерге жүгінетін болсақ,  қазіргі таңда қазақ даласында жиырма бес мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіштер болса, осынау мұралардың мыңнан аса жәдігерлері Жамбыл облысы аумағында жатқандығын тарихымыз дәлелдеп отыр. Жалпы, әр халық өз тарихын біліп, одан сабақ алып, бүгінін бүтіндейді. Осылайша елдің елдігін сақтап, болашаққа бағдар беретін тура жол  – қазақ жерінде орын тепкен бабалардан қалған тарихи-мәдени ескерткіштеріміз. Облыс өңірінде мұндай сақ, үйсін, ғұн, түркі секілді дәуірлерден қалған тарихи архитектуралық ескерткіштер, обалы қорымдар, ортағасырлық қала-кент орындары көптеп кездеседі. Естереңізде болса Елбасының қолдауымен  2004-2006 жылдарға арналған қазақ жеріндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін қоғам игілігіне айналдырып, туған тарихы мен халқын сүйетін ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған болатын.Аталған Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы тарих ғылымының дамуына айтарлықтай өз үлесін қосты. Қазақ тарихының көне замандардан бергі бүгінге дейін бес томдық тарихы жазылды. Қытай, Ресей, Түркия, АҚШ және Еуропаның т.б. елдерінен еліміздің тарихы жөнінде 5 мыңға жуық қолжазбалар мен тарихи дереккөздер сатылып алынды.«Мәдени мұра»  бүгінде халқымыздың жадынан, тарихынан бөлінбейтін ұғымға, руханиятымыздың байтақ қазынасына, ұлтымыздың ұйтқысына айналды. Төрткүл дүниеден шашылған мұраларымыз жиналып, тарих қойнауына көмілген асылдарымыз ашылып тарихымыз түгенделе бастады. Осылайша жадымыздың жаңғырып, ұлттық, отаншылдық, патриоттық сезіміміздің орныққандығының бір белгісі деп айтуымызға болады.Жамбыл облысы  көлемінде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында біршама ауқымды іс-шаралар атқарылып жатқандығы баршамызға мәлім. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып игілікті істердің біршамасына Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасы «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» қызметкерлері мұрындық болуда.Өткенге көз жүгіртер болсақ, Ұлы Жібек жолы – адамзат тарихының дамуында біздің эрамызға дейін II ғасырда Батыс пен Шығысты байланыстыратын құрылық аралық жол ретінде қызмет еткен. Алғашқы кезде Жібек жолы батыс елдерге жібек шығару үшін қызмет етті, алдымен Римнен Византияға, Иранға, Индияға, кейінен Араб халифатына, Европаға және Русьқа т.б. елдерге өндірілген тауарлар тасымалданды. Осылайша матери және рухани мәдениеттің дамуына да ықпал етті. Осы іспеттес керуен жолдарының бірегейі тоғыз жолдың торабына орналасқан ортағасырлық қалалардың ішіндегі ежелгілерінің бірі – Тараз қаласының Сүлейменов көшесінің батыс бөлігінде орналасқан көне дәуірдегі көшпенділер тарихынан көп деректер беретін бірден-бір тарихи «Төрткүл XI-XIII ғғ.» қалажұрты.  Қала сауда жолының бойында кіші және үлкен керуендердің белгілі бір уақытта аялдауы үшін арнайы бой көтерген сәулеттік құрылыстардың бірі. Мұндай құрылыстар археологиялық барлау, зерттеу аясын тыс қалмады. Қазба жұмыстары сонау 1983-1985 жж. жүргізіліп , «Ескерткіштер жинағын» жасау мақсатында Қазақ ҒА тарих, археология және этнография институтының археологиялық экпидициясы К.М.Байпақовтың жетекшілігімен зерттеліп, нәтижесінде, жинаққа XI-XIII ғғ. ескерткіш ретінде енгізілген. Уақыт өте 2008 жылы осы «Төрткүл XI-XIII ғғ.» қалажұртына археологиялық қазба жұмыстары қайта жаңғыртылып, Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекция» қызметкерлері Ә.Марғұлан атындағы археология институты, Алматы қаласының «Археологиялық экспертиза» ЖШС-мен бірлесе облыс бюжет есебінен қарастырылған 10 млн. теңгені тиімді игере отырып жүзеге асырды.Қазба барысында бүгінгі қаланың орнындағы бізге жеткен қорғаныс дуалдарының қалдықтары,  түрлі қыш ыдыстар, арабша жазуы бар мыс тиындар, жебе ұштары, үзеңгі секілді ат әбзелдері, бөлмеде орналасқан қазан ошақтары, сақтау қоймалары ғылыми айқындалып, қалашық ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолы бойында сауданың қайнаған қызу ортасы болғандығына толықтай куә бола алады.Бұл аумақта 2009 жылы ІІ-ші кезеңі, 2010 жылы ІІІ–ші кезеңгі археологиялық ғылыми-қазба жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Келешекте бұл жерден халық назарына таңдай қақтырарлық мағлұмат бергенінен, әліде бередісі көп. Осындай ескерткіштерімізді аспанасты музейіне айналдырып, кластерлік туризмді дамытуды облыс әкімшілігінің қаржы бөліп қолдау көрсетуі төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген сый-құрметінің белгісі.  Ғасырлар бойы қожалық етіп, ұрпақ өрбітіп, елін-жерін қорғаған бабаларымыздың бізге аманат етіп қалдырған бай мұраларымыз бен облысымызда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерімізге жанашырлық танытып, аса ыждақаттылықпен қарып көңіл бөлгеніміз абзал.

                                                                                                                     Қ.К.Дәурембеков

 

Просмотров: 2052 | Добавил: gladiators | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ