Воскресенье, 19.05.2024, 05:38
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 Каталог сайтов
Главная » Каталог сайтов » МЕКЕМЕНІҢ ЕРЕЖЕСІ

В категории сайтов: 1
Показано сайтов: 1-1

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Переходам

Жамбыл облысы  әкімдігінің

2009 жылғы «27» мамырдағы № 201

қаулысымен бекітілген
 

Жамбыл  облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи - мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы»

мемелекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 І. Жалпы Ережелер

           1.      Жамбыл облысы әкімияты мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік қайта тіркеу куәлігінің № 8812-1919- ММ Жамбыл облыстық әділет департаментінен 01.02.2005 ж.берілген) Жамбыл облысы әкімдігінің 27.05.2009 жылғы №201 қаулысының негізінде атауы Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін, әрі қарай «Мекеме» болып қайта тіркеледі.

         Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің және Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бұйрықтарына, өкімдеріне және осы Ереже негізінде жүзеге асырады.

2.      Мекеме жедел басқару құқығында құрылған және мемлекеттік меншік құқығының субъектісі ретінде меншік иесінің және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының юрисдикциясында болады, Жамбыл облысының әкімдігі құрылтайшысы, өкілетті органы болып табылады. Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасы мемлекеттік басқару органы болып табылады.

3.      Мекеме мемлекеттік мекеменің заттық құқығы болып табылатын, мемлекеттік мүлікке жедел басқару құқығында ие болып, меншік иесінен алынған мүлікке деген иелік ету, қолдану және басқару құқықтарын меншік иесінің тапсырмаларына, мүліктің пайдаланылуына, өз әрекеттерінің мақсаттырына сәйкес заңнамамен белгіленген шектерде жүзеге асырады.

4.      Мекеме заңды тұлға болып табылады, ұйымдық-құқықтық формасы - мемлекеттік мекеме, түрі - мемлекеттік, оның оқшауланған мүлкі, дербес балансы, банк мекемелерінде есепшоты, корреспонденциялық, тағы басқа шоттары, мемллекеттік тілдегі өзінің атауымен елтаңбалы мөрі және мөртабандары, өзінің аты-жөні көрсетілген бланкілері болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болады және міндеттемелер қабылдайды. Сотта талапкер және жауапкер болады. Мекеме әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен мезгілден бастап құрылды деп есептеледі.

Мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Жамбыл облысы аумағында міндетті күші болатын бұйрық түрінде актілер шығарады.

 

5.      Мекеменің толық атауы:

           мемлекеттік тілде: Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» мемлекеттік мекемесі.

           орыс тілінде: Государственное учреждение «Дирекция по охране и восстановлению историко-культурных памятников» управления культуры акимата Жамбылской области.

         6. Мекеменің заңды орналасқан жері: пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі № 78.

         7. Мекеменің тіркелу сәтінде филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

МЕКЕМЕНІҢ ЕРЕЖЕСІ | Переходов: 214 | Добавил: ДИРЕКЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕСІ | Дата: 24.04.2012

Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ