Воскресенье, 19.05.2024, 05:20
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 1. Байзақ батыр Мәмбетұлының жерленген жері

Байзақ батыр Мәмбетұлының жерленген жері

1789-1864 жж.


Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 км, Талас өзенінің оң жағасында орналасқан           

Байзақ батыр-би -  қазақ халқының қоқанд әміршілігімен күресінің белсенді мүшесіне. 1789 ж. Тараз маңында Абылай ханның көрнекті серігі, аты аңызға айналған Мәмбет Құндасұлы батырдың отбасында дүниеге келген. Байзақ датқаның сүйегі «Сүре Байзақ» елді мекеніндегі ежелгі қорғанда жерленген. Бейітінде 20 ғ. басында толығымен қираған күйдірілмеген кірпіштен ескерткіш орнатылған.

Мавзолей монолитті бетоннан жергілікті дәстүрдің табынушылық сәулет өнері қолданылып соғылған. Біркүмбезді, көлемі алтықырлы, орталықтанған композиция,

жоғары барабаны сферикалық күмбезбен жабылған. Күмбездің ұшы шағын күмбезшемен және жарты аймен айқындалған. Басты фасады кең емес аршалық кіру тамбурлы порталмен бөлінген. Ішкі қабырғалары ашық хорезм кірпіштерімен қаланған. Мавзолейде ескі жерлеудің кірпіштері қолданылған биіктігі 0,9 м. Күмбез бен мәрмәр тасты қабір бар. Ескерткіштің территориясы  сәнді металл қоршаулармен қоршалған. Қыр етегінен мавзолейге кең бетон баспалдақтар апарады.

Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ