Воскресенье, 19.05.2024, 02:32
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 Каталог статей
Главная » Статьи » Мои статьи

ЖИНАҚ ТУРАЛЫ АЛҒЫСӨЗ

ЖИНАҚ ТУРАЛЫ АЛҒЫСӨЗ

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің Жинағы дегеніміз – бұл белгілі бір территорияда орналасқан тарих және мідениет ескерткіштері туралы белгілі мәліметтердің жинағы, сонымен қатар, бұл әрдәйім өзгертіліп және толықтырылып отыратын есепке алу және монито­ринг жүйесі. Бір сөзбен айтқанда, тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы – ғылыми зерттеу барысында жиналған мәдени мұра нысандары туралы құжаттар мен материалдардың бірегей кешені (мәліметтер базасы). Қазіргі таңда бірден бірнеше басымды бағыттарда әрекет етуге мүмкіндік ашатын шараларды жүзеге асы­ру қажеттілігі туындады. Басымды бағыттарға: бұрын белгісіз, жаңа ескерткіштерді анықтау, әр ескерткіштің қорғау аумағын анықтау, қорғау шараларын өткізу стра­тегиясын жасау, игерілетін территориялардағы ескерткіштерді мониторингі мен сақтау жатады. Жинақталған мәліметтер қабатын қазіргі әлемдік ғылыми деңгейдің даму талаптарына сай, жеңіл өзгертіліп, толықтырылатын жүйеге кіріктіру арқылы тұтас бейне жасау қажеттілігі туындады. Бұл, жүйені мамандар мен жалпы көпшіліктің кеңінен пайдалануына мүмкіндік берер еді. Ескерткіштер Жинағын жасау процессі рет-ретімен – «жалпыдан жалқыға» алгоритмінде, жинау, өңдеу және жинақталған мәліметтерді әрі қарай пайдалану сияқты негізгі идеяға сай жүргізілуі тиіс. 2002 жылы Жамбыл облысының ескерткіштер Жинағы шығарылған болатын. Бұл жинаққа облыс территориясында белгілі ескерткіштер туралы ақпараттар кірген. Сонда да оған көптеген ескерткіштер кірмей қалған. Бұл фундамен­талды еңбекті жасау барысында нысандардың жоспарға отырғызу кезінде географиялық байлаудың дәлдігі есеп­ке алынбады; көп жағдайда нысандардың географиялық координаттары жоқ; нысандардың көпшілігінің фотосуреті, жобалық, топографиялық иллюстрациялық ма­териалдары жоқ; ескерткіштердің барлық жобаларын түсіру кезінде құрал қолданылмаған. Жоғарылда аталған кемшіліктер мұндай көлемді және ерекше еңбек жасау барысында міндетті түрде болатын нәрсе. Облысты аудандарға бөлетін әкімшілік бөлініске негізделген, аудандардың, ал, одан әрі қарай аудандарды құрайтын ауылдық округтердің ескерткіштер Жинағын жасау жо­лында кешенді ғылыми шаралар жүргізу қажет. Мұндай жұмыс көптеген елдерде жүргізіліп келеді. Бұл салада әсерлі нәтижеге Польша мен Оңтүстік Корея қол жеткізді. Олардың ғалымдары «жалпыдан жалқыға» принципін басшылыққа ала отырып, жекелеген территориялық бірліктерді зерттеуді кезең кезеңімен детализациялап, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен пайда­лану саласында жоғарғы деңгейге жетті. Польшада жо­спарлы ғылыми зерттеулер нәтижесінде табылып және паспортталып, ескерткіштер Жинағына кіргізу арқылы жүздеген мың ескерткіштер сақталып қалды. Жамбыл облысы өзінің көптеген ортағасырлық қалаларымен, мекендерімен, көне қорымдары мен мәдени ландшафтыларымен елдегі ең әйгілілердің бірі. Сонымен бірге археология ескерткіштері мен мәдени ландшафттарға белсенді жер игеру нәтижесінде толықтай немесе жартылай жойылу қауіпі төніп тұр. Табиғи фак­торлар да осынша қауіпті. Есепке алу және құжаттау жүйесін жасау бүгінгі күні ескерткіштерді қорғаудың, сонымен қатар, мониторингілеудің жалғыз мүмкіндігі болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстанда нысанның кеңістікте орналасуын дәл анықтайтын, ақпараттық блоктарды жаңартып, толықтыратын, жер пайдаланушыларға ескерткіштер туралы мәлімет бере алатын ескерткіштерді каталогтау жүйесі жоқ. Мұндай ескерткіштерді есепке алу және құжаттау механизмін жасау бірінші кезектегі қажеттілік болып табылады.«Археологическая экспертиза» ғылыми-зерттеу мекемесі жасап сәтті қолданып отырған әдістеме, ескерткіштерді каталогтаудың жүйесінжасауға мүмкіндік береді.Ұсынылып отырған әдістемеге сәйкес археологиялық ескерткіштерді кеңістіктегі орнымен байланыстырып және мекенжұрттар, транспорт коммуникациялары, су көздері, ландшафттық жағдайы, суландыру жүйесі, қазіргі заманғы пайдаланылатын жер учаскелері белгілеуге, кейін кең түрде сараптау жүргізуге мүмкіндік беретін жүйе.2009 жылы «Жамбыл облысы әкімшілігінің мәдениет басқармасының тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғай және қалпына келтіру дирекциясы» ММ-сі тапсырысы бойынша бұл әдістеме «Жамбыл облысы аудандарының ескерткіштер Жинағын шығару» жо­басында қолданылды.

Категория: Мои статьи | Добавил: Baxa (20.04.2012)
Просмотров: 1354 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ