Воскресенье, 19.05.2024, 03:02
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ А.СУХАМБАЕВҚА ЕСКЕРТКІШ

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ  А.СУХАМБАЕВҚА

ЕСКЕРТКІШ

1964 ж.


Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Жақаш ауылы   орталығында орналасқан. Ескерткіш 1964 ж. фашистік Германиямен болған Жеңістің 30 жылдығына орай тұрғызылған. А. Сухамбаев (1920-1944) Байзақ ауд. Қарасу а. туып-өскен. Ұлы Отан соғ. майданында 1941 ж. қазан айынан Гродненск атқыштар полкінің 628 Қызылтулы 1-батальонының Борисовск атқыштар дивизиясы 174 Қызылтулы 31 армиясы 3 Белорус майданының командирі. Белорусияны, Литва мен Польшаны азат ету ұрыстарына қатысқан. 1944 ж. Пруссиямен шекарадағы Стшельцовизка дер. (Польша) жанында білдіртпестен жау жағының алдыңғы жағына өтіп, кеудесінен жаудың амбразурасын жапқан, өз өмірін сарп ете отырып, бөлімнің ұрыс тапсырмаларын ойдағыдай орындады. Батыр аты өз туылған ұжымшарға, оқыған мектебіне берілді.Бетон ескерткіш пирамида тектес тұғырда тұрған бюсттен тұрады. Туынды түсінді, мүсіннің пластикасы батырдың төрт реттік кескінін бере отырып ұстамдылықпен шешілген. Бюсттің биіктігі 0,8 м, тұғыры - 1,8 м. Түғырдың үстіңгі жағында екі мемориалды мәрмәр тақтайлар монтаждалған. Бірінде аты мен өмір сүрген күні, айы, жылы қашалған, екіншісінде қаз. тіл. КСРО жоғарғы кеңесі Презид. А. Сухамбаевқа қаза болғаннан кейін (1945) Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы шешімнің тексті жазылған.

Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ