Воскресенье, 19.05.2024, 06:38
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 АҚМОЛА МАЗАРЫ

АҚМОЛА  МАЗАРЫ

XIX  ғ. басы


Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылынан   20-25 шақырым, жерде орналасқан.  N 43° 28′ 926″; E 71° 23′ 555″

1985, 2001 жж. НИПИ ПМК экспедициясымен зерттелген.

Уақыт өте күмбезі, кейбір жерлерінде кірпіштері құлаған.

Күйдірілмеген кірпіштен соғылған күмбездері жұмсалған, жертөле мен кіре беріс ойықта бұзылулар бар, ішкі қабырғалар шұңқырланып, саз сылақтар түскен. Талас-Шу алқабына біркүмбезді күйдірілмеген кірпішті мавзолей түрі дәстүрлі орталықтанған композиция тән жұмырланып келген мавзолей бастапқыда көлемді әлсіз кескінделген үш бөлімді құрылымдар - төменгі қабаты сәл шығыңқы, орташа, кішкене қысылған жайма біртіндеп сфероконикалық күмбезге өткен. Іргетасы жоқ, бір жолды, тікбұрышты жұқа иілгіш кірпішті саз қабатпен қаланған. Жертөле негізіндегі қабырғаның ені 1 м шамасында, мавзолейдің сақталған бөлігінің биіктігі 5,7 м, диаметрі 8,5 м.

Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ