Воскресенье, 19.05.2024, 06:38
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 АҚТӨБЕ МАЗАРЫ (Құлан-Бұлан, Ақ күмбез)

АҚТӨБЕ МАЗАРЫ  (Құлан-Бұлан, Ақ күмбез),

XIX ғ. басы


Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай ауылынан  солтүстік-батысқа қарай  5-6 шақырым  жерде орналасқан.

Ескерткіш 1936 ж. КАЭ (А.Н. Бернштам, 1978 ж. Жамбыл обл. тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясымен, 1985-2001 ж. НИПИ ПМК мамандарымен зерттелген. 1970 ж. аяғына қарай порталдық қабырғалары мен күмбездері айтарлықтай бұзылып, 1980 ж. аяғында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

1970 ж. аяғына қарай порталдық қабырғалары мен күмбездері айтарлықтай бұзылған.

1980 ж. аяғында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сазды қоспамен күйдірілген төртбұрышты кірпіштен жасалған. Бір камералы квадратты (6,2 х 6,2) текше көлемді биік барабанды салаланып біткен күмбезбен жабылған. Ішкі жиынтық төрт бұрышты күмбез асты желкенмен сүйемелденген. Портал-пештак биіктігі 8 м, негізгі аумағына айтарлықтай жақындай түскен және П-тәріздес рельефті жиектеулермен безендірілген. Қабырға интерьері сыланып, әк қоспасымен әктелген. Бастапқыда алебастрланып, аңшылық көрініс, түрмыс пен қару-жарақ құралдары салынған-фрескалық қолтаңбалар жұмсалған. Күмбезі жоқ, құйылған жер еден.

Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ