Воскресенье, 19.05.2024, 03:35
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 
Главная » 2012 » Апрель » 20 » «Мәдени мұра – рухани мұраға» айналуы тиіс»
14:03
«Мәдени мұра – рухани мұраға» айналуы тиіс»


«Мәдени мұра – рухани мұраға» айналуы тиіс»

 

Жамбыл облысының 2008-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облысымызда орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, зерттеп-зерделеу және де сонау көне заман соқпақтары сорабынан сүрінбей өтіп, қазіргі халық тарихына айналған көне мұраларымыздың айғағын жұртшылыққа жеткізу мақсатында бүгінгі таңға дейін біршама жұмыстар атқарылып жатқандығы баршамызға мәлім. Жамбыл облысының 2008-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында облыс көлемінде алғаш рет Талас және Қордай аудандарының тарих және  мәдениет ескерткіштер Жинағы» шығарылды. Жинақ мемлекеттік қорғауда тұрған және жинақ дайындау кезінде табылған ескерткіштерді қамтитын, энциклопедиялық сипаттағы ғылыми - анықтамалық басылым болып, аудан аумағында орналасқан тарихи, архитектуралық, көркемдік және археологиялық ескерткіштерді одан әрі зерттеу, қорғау және пайдалану ісінде, сондай - ақ әртүрлі нысандағы туризмді ұйымдастыруда ғылыми негіз болады. Мысалы: Талас ауданынан табылған «мұртты обасы», елімізде сирек кездесетін обалардың бірі. Қазіргі сақталған күйі 10 метрді құрайды. Алдағы уақытта осындай мұраларымыз көптеп кездесіп, «Ескерткіштер жинағына» енгізілетініне сеніміміз мол.  Жамбыл облысының 2008-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Тараз қаласы Сулейменов көшесінің батыс бөлігінде орналасқан «Төрткүл-Керуен сарайына ХІ-ХІІІ ғғ.» археологиялық қазба жұмысын Ә.Марғұлан атындағы археология институты, Алматы қаласының «Археологиялық экспертиза» ЖШС–мен бірлесе жүзеге асыруда. Зерттеу жұмыстары төрткүлдің (керуен-сарай) солтүстік бұрышындағы биіктеу жерде, 1983 жылы археологиялық зерттеу жұмыстары жүрген жердің орнында жүргізілді. Сол жылы осы жерден бірнеше бөлме орындары ашылған болатын. Жиырма жылдан астам уақытта жауын-шашыннан шайылып шұңқырға айналған бөлме орындары қазіргі күл қоқыстан тазартылып, оның солтүстік-шығыс жағындағы құрылыс орындарын анықтау мақсатында 12 х 8 м көлемде қазба салынды. Қазбаға дейін жер бетінде жергілікті тұрғындардың жиі айтатын, шамамен 1960 жылдары құлаған мешіт іргетасының кейбір тастары көрініп жатты. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай созылған қазбаның  оңтүстік жағынан, жер бетінен 15-30 см тереңдіктен аталған мешіттің шығыс бұрышының іргетасының және бір қатар қаланған қабырғасының кірпіші шықты. Жобасына қарағанда мешіттің қабырғалары әлемнің төрт тарапына бағытталғанға ұқсайды.  Болашақта Төрткүл керуен-сарайы аспан асты облыс өңірінде орын тепкен тарих және мәдениет ескерткіштерді анықтап, қайта қалпына келтіру және қорғау жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен телеарналардан жариялау жұмыстары мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе ауқымды жұмыстар атқарылып, жалғасын табатын болады.   Жамбыл облысында орналасқан маңызды, тарихи-мәдени ескерткіштер өте көп. Олардың ішінде ата-бабаларымыздың өмірі, салт-дәстүрі, мәдени өнерлері туралы тарихи маңызды мәліметтер беретін архологиялық ескерткіштер де аз емес. Қазіргі таңда Жамбыл облысында ортағасырлардан осы күнге дейін керемет сақталып қалған тарихтан сыр шертетін археологиялық ескерткіштердің бірі - Талас ауданындағы Ақ Кесене бекінісі. Бекініс Талас ауданының Үшарал ауылынан солтүстік батысқа қарай 35 шақырым жерде, бұрынғы шөл далалы  мекендегі кеуіп кеткен Қалмақ-Арық магистральді каналының жағасында орналасқан. Ақ Кесене мұнарасын алғаш 1896 – жылы зерттеген өлкетанушы В.А Каллаур болды. Ол Ақ Кесененің мұнараға ұқсас екенін, кесененің ортасында жоғары алып шығатын  айналма  (винт бейнелі) саты орналасқанын айтады.Тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің атауларына байланысты айтылып, жазылып жатқан ой-пікірлер көп. Бірқатары сол жердегі топырақтың түр-түсі, реңіне немесе орналасу жағдайына байланысты аталған десе, мысалы: Ақкесене, Ақтөбе т.б. Көне түрік тілін зерттеуші ғалымдардың айтуынша ақ – батыс, көк – шығыс деген мағына білідіретін көрінеді. Осыдан барып Талас өңіріндегі Ақкесене мен Көккесене тарихи сәйкестік деп ұғып бір-бірінен батыс, шығыс бағытта тұрғанын көрсетеді. Бұны қос мұнара бекіністің орналасуындағы өзіндік ерекшелікпен деп қаласың.«Ақкесене» бекінісіне тоқталатын болсақ. Жобасы төртбұрышты, көлемі 100х100 м. айналасы дуалмен қоршалған. Солтүстік батысында шикі кірпіштен салынған мұнара бар, биіктігі 9 м. қазба жұмысы кезінде табылған заттай деректер мен қалану әдісіне қарағанда дуал XVIII – XIX ғасырларда салынғанға ұқсайды. Ал қамал одан бұрын 12-13 ғасырларда тұрғызылған деген болжам бар, бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан бұл уақытты анықтау қиын. Сонымен мұнара бекіністің мерзімі туралы әр түрлі болжамдар бар. Ақкесене бекінісінің назар аударатын тұс күні бүгін көзге ұрып тұрған өзіндік ерекшеліктерінде. Мысалы: кірпіштердің қалану тәсілі қызық. Жалпақ етіп құйылған кірпіштердің үш қатары жалпағынан жатқызылып қаланса, келесі қатары қырынан қаланған. Кірпіштердің осындай тәсілмен қалануы күні бүгінгі жағыдайында жиырма төрт рет қайталанатындығын байқауға болады. Бұдан өзге кірпіштердің төменгі жағы көміліп, жоғарғы жағы жел-құздың, жауынның әсерінен езіліп, бүлініп кеткендіктен да аласарған болуыда мүмкін. Мұнара конус тәріздес болып соғылған. Мұнараның түпкі жағының дмаметтрі 5 метрден асса, ұшар басының диаметрі 3,5 метр болғанға ұқсайды. Мұнараның төбесіне шығатын қабырғасына қойындастырып салынған баспалдақтың орны бар. Дегенмен мұнара түбінен бастап бітеу етіп соғылған. Оның ортасында цилиндр сияқты қуыс болмаған. Қойындастырып қаланған қуыстағы баспалдақтардың кірпіші жауынның әсерінен мүжілген. Дегенмен сол қуыс арқылы мұнараның ұшар басына көтерілуге болады. Неше ғасырдан бері бүлінбей сақталып келгеніне таңданбасқа лажың жоқ. Жоғарыда айтылған ойымызға қайтып оралатын болсақ кешенді тұрғызар кезде оның берік болуына баса назар аударылғанын көреміз. Зерттелген мәліметтер бойынша бекіністің сары топыраққа ірге тассыз салынғаны анықталды. Бекініс бұрыштарында мұнаралары бар, қабырғалармен қоршалған, тік бұрышты алаңқай. Қазба жұмыстарынан табылған қыш материалдар (хумдар, құмыралар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археология жөне этнография кафедрасында сақталуда. Мұнаралы бекіністің пайда болуына байланысты аңыздарға келетін болсақ: Бірде Қарахан Таласта (Таразда) Бетпақтан (Бетпақ даладан) өтіп келген керуенбасыны қабылдапты. Ханға деген сый-сияпаттан берген кеурен басы: "Дат тақсыр" - депті, сонда хан тұрып: "Датың болса айт" - деген екен. Ханның аяғына жығылған керуен басы: "О, құдіреті күшті хан, мен жүрмеген жол, аспаған асу аз болар, бірақ Таластан терістіктегі құмнан (Мойынкұмнан - М.Е.) қатерлі де қауіпті жер көргенім жоқ. Үш күндік жолдың азабы үш айға| бергісіз болды. Сол жолдың торабына, қараңғы түнде жол көрсететін Темірқазық жұлдызы сияқты белгі қойдырсаңыз, Сізге Алланын, нұры жауар еді"- депті. Көреген хан тараздық шеберге Ақкесене және Көккесене мұналарын салдырыпты. Әрине мұндай мұнаралы бекіністің сыртқы жаудан қорғану үшін тұрғызылғаны анық. Мұнараға саты арқылы көтеріліп, жоғарыдан бақылаушы жауынгер алыстағы жауды көріп хабарды дер кезінде жеткізуге мүмкіншілік алатын болған. Қалыңдығы 3 метрлік қабырғалардан тұрғызылған бекіністі жаудың бұзуына да оңай болмаған. Ғасырлар бойы тұрған Ақ Кесене  көпті көрген қарт кісідей талай тарихи сырды ішіне бұғып бүгінгі ұрпаққа да жетіп отыр. Бір өкініштісі кесененің уақыт өте келе жаңбырдан, желден, ыстық-суықтан морылып құлай бастағандығы. Мұндай ортағасырлық ескеткіштердің қазіргі күнге дейін құлап қалай аман-сау жеткенін кездестіруі сирек. Көбісі бұзылып, топырақ үйіндісіне айналып кеткен. Сондықтан  облысымызда  сирек кездесетін Ақ Кесене бекінісін қалпына келтіру, болашаққа сақтап қалу мақсатында бүгінгі күні қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Әрине Ақ Кесенені қалпына келтіру қалай-болса солай тұрғыза салатын оңай шаруа емес. Оның қыр-сыры зерттеліп арнайы топырақтан жақсылап тұрғызылғандығы дұрыс болар еді. Облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру біздің міндеттіміз, келер ұрпаққа аманат. Тарихындағы өз дәстүр жалғастығын тауып ұстана білген ел үшін, оны бүгінге жеткізген көк түріктің ұрпағы, Қазақ халқы үшін өткені мен бүгінін жалғастырар, сабақтастырар осындай мұралары еліміздің біртұтастығына қызмет етер ұлтымыздың ең басты байлығы болып қала береді. Адырын қопарса астынан қола шығатын, қабірін ашса астынан алтын адам шығатын қазақ даласы тарихи ескерткіштерге бай екені аян. Тарихи ескерткіштер тамырластықты білдіруші зат ретінде, әрі тарихындағы өз дәстүр жалғастығын тауып ұстана білген ел үшін ең басты байлығы болып қала береді. өткенге құрмет, келешекке үлгі ретінде мәдени, тарихи жәдігерлерді зерттеу, жүйелеу, қорғау және сақтау, оларды ұдайы насихаттап отыру біздің азаматтық борышымыз. Ескерткіш болсын, қорған болсын, қорым болсын бәріде өнер туындысы. Осы өнер туындаларына қарап өскелең ұрпақ ойланады, ой түйеді.

 

 

                                                                      Қ.Дәурембеков

Просмотров: 1779 | Добавил: Baxa | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ