Пятница, 10.05.2024, 01:42
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 
Главная » 2012 » Апрель » 23 » Ақ Кесене аңызы ( Х-ХІІ, ХҮІІ ғ.ғ)
07:33
Ақ Кесене аңызы ( Х-ХІІ, ХҮІІ ғ.ғ)


Ақ Кесене аңызы
( Х-ХІІ, ХҮІІ ғғ)


 Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алатын орнын бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға өз халқының өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен құлдырау кезеңдерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді. Жамбыл облысында орналасқан маңызды, тарихи-мәдени ескерткіштер өте көп. Олардың ішінде ата-бабаларымыздың өмірі, салт-дәстүрі, мәдени өнерлері туралы тарихи маңызды мәліметтер беретін архологиялық ескерткіштер де аз емес. Қазіргі таңда Жамбыл облысында ортағасырлардан осы күнге дейін керемет сақталып қалған тарихтан сыр шертетін археологиялық ескерткіштердің бірі - Талас ауданындағы Ақ Кесене бекінісі. Бекініс Талас ауданының Үшарал ауылынан солтүстік батысқа қарай 35 шақырым жерде, бұрынғы шөл далалы  мекендегі кеуіп кеткен Қалмақ-Арық магистральді каналдың жағасында орналасқан. Ақ Кесене мұнарасын алғаш 1896 – жылы зерттеген өлкетанушы В.А Каллаур болды. Ол Ақ Кесененің мұнараға ұқсас екенін, кесененің ортасында жоғары алып шығатын  айналма  (винт бейнелі) саты орналасқанын айтады. Ақ Кесенені 1945, 1949 жылдары Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 1980 – жылдары «Қазжобажаңғырту» 1983 - жылдары ҚазМУ-дың археологиялық отряды зерттеген. Зерттелген мәліметтер бойынша бекіністің сары топыраққа ірге тассыз салынғаны анықталды. Бекініс бұрыштарында мұнаралары бар, қабырғалармен қоршалған, тік бұрышты алаңқай. Бекіністің шығысындағы Ақ Кесене деген атпен белгілі мұнара дөңгелектеу келген, диаметрі 11 метр, биіктігі 9 метр. Бекіністің мерзімі  Х – ХІІ ғасыр, мұнараның құрылысы ХVІІ ғасырларда тұрғызылған деген болжам бар. Қазба жұмыстарынан табылған қыш материалдарда суармалы емес қыштардың сынықтары бар (хумдар, құмыралар). Қыштар әл-Фараби атынд. ҚазМУ-дың археология жөне этнография кафедрасында сақталуда. Әрине мұндай мұнаралы бекіністің сыртқы жаудан қорғану үшін тұрғызылғаны анық. Мұнараға саты арқылы көтеріліп, жоғарыдан бақылаушы жауынгер алыстағы жауды көріп хабарды дер кезінде жеткізуге мүмкіншілік алатын болған. Қалыңдығы 3 метрлік қабырғалардан тұрғызылған бекіністі жаудың бұзуына да оңай болмаған. Ғасырлар бойы тұрған Ақ Кесене  көпті көрген қарт кісідей талай тарихи сырды ішіне бұғып бүгінгі ұрпаққа да жетіп отыр. Бір өкініштісі кесененің уақыт өте келе жаңбырдан, желден, ыстық-суықтан бұзылып топыраққа айналып кетуі ғажап емес. Талас ауданының даласында көрік беріп тұрған осындай құрылысты басқа аудандардан сақталғаны күйінде кездестіруі сирек. Көбісі бұзылып, топырақ үйіндісіне айналып кеткен. Сондықтан  облысымызда  сирек кездесетін Ақ Кесене бекінісін қалпына келтіру, болашаққа сақтап қалу бүгінгі күннің талабы. Осы бастан қолға алынбаса, ескерткіштің құлап қалуы әбден мүмкін. Кейін оны қалпына келтіру де мүмкін болмас. Әрине Ақ Кесенені қалпына келтіру қалай-болса солай тұрғыза салатын оңай шаруа емес.Оның қыр-сыры зерттеліп арнайы топырақтан жақсылап тұрғызылғандығы дұрыс болар еді. Биылғы жылы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Талас ауданындағы Ақ Кесене бекінісіне, Ноғай Ишан, Илібай (Қуандық) кесенелеріне, Қызыл Рысбек тұрағы, Қара Қожа мешіті, Бөріқазған, Тәңірқазған алғашқы адамдардың тұрағы және тағы басқа да көптеген тарихи-мәдени ескерткіштерге «қорғау тақтайшалары» орнатылмақ. Облысымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру біздің міндеттіміз, келер ұрпаққа аманат.

Ақкесене мен Көккесене туралы аңыз. Бірде Қарахан Таласта (Таразда) Бетпақтан (Бетпақ даладан) өтіп келген керуенбасыны қабылдапты. Ханға деген сый-сияпаттан берген кеурен басы: "Дат тақсыр" - депті, сонда хан тұрып: "Датың болса айт" - деген екен. Ханның аяғына жығылған керуен басы: "О, құдіреті күшті хан, мен жүрмеген жол, аспаған асу аз болар, бірақ Таластан терістіктегі құмнан (Мойынкұмнан - М.Е.) қатерлі де қауіпті жер көргенім жоқ. Үш күндік жолдың азабы үш айға| бергісіз болды. Сол жолдың торабына, қараңғы түнде жол көрсететін Темірқазық жұлдызы сияқты белгі қойдырсаңыз, Сізге Алланын, нұры жауар еді"- депті. Көреген хан тараздық шеберге Ақкесене және Көккесене мұналарын салдырыпты. Тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірқатары сол жердегі топырақтың түр-түсі, реңіне немесе орналасу жағыдайына байланысты аталған. Мысалы: Ақтөбе, Ақкесене т.б. немесе жазушы  М.Мағауиннің « қазақ тарихының әліппесі» (1994 ж.) деген кітабынан белгілі болатындай ақ, көк деген сөздер көне түрік сөздерінде ақ – батыс, көк – шығыс деген мағына білідіретін көрінеді. Осыдан барып Талас өңіріндегі Ақкесене мен Көк кесене тарихи сәйкестік деп ұғып бір-бірінен батыс, шығыс бағытта тұрғанын көрсетеді. Бұны қос мұнара бекіністің орналасуындағы өзіндік ерекшелікпен деп қаласың. «ақкесене бекінісінің » мұнарасына тоқталатын болсақ. Бекініс қалашық Үшарал ауылынан 30-35 шақырым, Қалмақ араықтың сол жағалауына тұрғызылған ортағасырлық ескерткіштердің тамаша үлгісі. ҚҰЭ: Ақкесене ертедегі қаланың орны. Жам. Обл. Талас а. Үш. Мекенінде орналасқан. алғаш 1896 жылы В.А. Каллаур зерттеген. Жобасы төртбұрышты, көлемі 100х100 м. айналасы дуалмен қоршалған. Солтүстік батысында шикі кірпіштен салынған мұнара бар, биіктігі 9 м. қазба жұмысы кезінде табылған заттай деректер мен қалану әдісіне қарағанда дуал 18-19 салынғанға ұқсайды. Ал қамал одан бұрын 12-13 ғ-да тұрғызылған бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан бұл уақытты анықтау қиын. Сонымен мұнара бекіністің мерзімі туралы әр түрлі болжамдар бар. Осы жерде назар аударатын тұс күні бүгін көзге ұрып тұрған өзіндік ерекшеліктерінде. Мысалы: кірпіштердің қалану тәсілі қызық. Тарихындағы өз дәстүр жалғастығын тауып ұстана білген ел үшін, оны бүгінге жеткізген көк түріктің ұрпағы, Қазақ халқы үшін өткені мен бүінін жалғастырар, сабақтастырар осындай мұралары еліміздің біртұтастығына қызмет етер ұлтымыздың ең басты байлығы болып қала береді. Адырын қопарса астынан қола шығатын, қабірін ашса астынан алтын адам шығатын қазақ даласы тарихи ескерткіштерге бай екені аян. Тарихи ескерткіштер тамырластықты білдіруші зат ретінде, әрі тарихындағы өз дәстүр жалғастығын тауып ұстана білген ел үшін ең басты байлығы болып қала береді. өткенге құрмет, келешекке үлгі ретінде мәдени, тарихи жәдігерлерді зерттеу, жүйелеу, қорғау және сақтау, оларды ұдайы насихаттап отыру біздің азаматтық борышымыз. Ескерткіш болсын, қорған болсын, қорым болсын бәріде өнер туындысы. Осы өнер туындаларына қарап өскелең ұрпақ ойланады, ой түйеді.



Бұл аңыздың авторы "ХАЛЫҚ"
Просмотров: 5155 | Добавил: gladiators | Рейтинг: 2.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ