2. АУҒАН СОҒЫСЫ ЖАУЫНГЕРЛЕРІНІҢ ЕСКЕРТКІШІ, (тар.) F. Мұратбаев атындағы орта мектеп
территориясында орналасқан. Географиялық координаттары 42 Т 705387 4764794.
1990 жылы 1979-1989 жылдардағы ауған соғысына қатысқан жерлестердің құрметіне
арнап орнатылған. Үш мүсінді композиция сегізқырлы тұғырда ту ұстаған
солдаттарды бейнелейді. Композиция бетоннан соғылып, тұғыры сындырылған
қызылтаспен қаланған. Мүсіннің биіктігі – 3,8 м, тұғыры – 2,0 м. Тұғырдың алдыңғы жақ
бетінде «Ауған соғысына қатысқан жерлестерімізге 1979-1989» деген мәрмәр
тақтадағы жазу бар.
С. Дембай
2. ПАМЯТНИК ВОИНАМ-АФГАНЦАМ (ист.). Расположен на территории средней школы им. Г.
Муратбаева.
Географические координаты 42 Т 705387 4764794. Установлен в 1990
году в честь земляков – участников афганской войны 1979-1989 годов.
Скульптурная трехфигурная композиция на восьмигранном постаменте изображает
солдат со знаменем. Композиция выполнена из бетона, постамент облицован рваным
красным камнем. Высота скульптуры 3,8 м, постамента 2 м. На лицевой стороне
постамента мраморная плита с надписью: «Ауған соғысына қатысқан
жерлестерімізге. 1979-1989».
С. Дембай
3. БАЙЗАҚ БАТЫР МӘМБЕТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ, (тар., өнер) Caрыкемер ауылынан шыға берісте орналасқан. Географиялық координаттары 42 Т 703691 4761678. Дұрыс дөңгелектенген пішінді үйінді төбеге орнатылған. 1998 жылы салынған: мүсіншісі – Ж. Молдабаев, сәулетшісі – А. Момынжанов. Байзақ батырдың монументалды мүсіні қызғылт-сұр граниттен жасалған, текше пішінді тұғырға орнатылған. Фигураның биіктігі – 4,2 м,
тұғыры – 2,0 м.
Мүсін жалпылама шешілген. Тұғыр кызыл жылтыратылған гранит тақталармен қаланған, алдыңғы жағында «Байзақ батыр Мәмбетұлы» деген жазу бар. Ескерткіштің жерден жалпы биіктігі – 9,4 м.
Төбе шымдалған, айналасындағы территория көріктендірілген. Төбе етегінен ескерткішке дейін ені 1,5 м бетон баспалдақтар апарады.
Г.М. Қисамедин
3.
ПАМЯТНИК БАЙЗАК БАТЫРУ МАМБЕТУЛЫ (ист., иск.). Расположен при въезде в село Сарыкемер. Географические координаты 42 Т 703691 4761678.
Установлен на насыпном холме правильной округлой формы, доминирует в окружающем
пространстве. Сооружен в 1998 году. Скульптор – Ж. Молдабаев, архитектор – А.
Момынжанов. Монументальная фигура Байзак батыра, выполненная из розовато-серого
гранита, возвышается на кубовидном постаменте. Высота фигуры – 4,2 м, постамента – 2 м. Скульптура решена обобщенно.
Постамент облицован плиткой красного полированного гранита, на лицевой стороне
надпись: «Байзак батыр Мамбет ұлы». Общая высота памятника от уровня земли – 9,4 м. Холм одернован,
территория вокруг благоустроена. От подножия холма к памятнику ведут бетонные
ступени шириной 1,5 м.
Г.М. Кисамедин
4. БАЙЗАҚ БАТЫР МӘМБЕТҰЛЫНЫҢ КЕСЕНЕСІ, (тар.,
сәулет). Дихан және Сарыкемер ауылдық округтерінің шекарасындағы төбе басында,
Талас өзенінің оң жағалауында, ауылдың солтүстік шығысында 4-5 км жерде орналаскан.
Географиялық координаттары 42 T 707569 4769235. 2000 жылы қираған ескерткіш
орнына салынған, авторы-сәулетші А. Момынжанов. Байзақ батыр – би, қазақ
халқының қоқанд әміршілігімен күресінің белсенді мүшесі. 1789 жылы Тараз
маңында Абылайханның көрнекті серігі, аты аңызға айналған Мәмбет Құндасұлы батырдың
отбасында дүниеге келген. Жас кезінен бастап ерекше ұйымдастырушылық қабілеті
мен ізгілікті қасиеттерін көрсете отырып, руластары тарапынан ғана емес,
берген қоқанд үкіметі тарапынан да құрметке ие болып, қоқандықтар оған жеке
басының артықшылығы мен салық төлеуден босатуға құқық беретін құрметті «датқа»
атағын береді. Көшпелі малшылар арасында отырықшылық пен суармалы егіншілікті
игеру үдерістерін жүзеге асыруды ұйымдастырушы ретінде де белгілі. 1845 жылы
Байзақ датқа патша мен Қоқандтың әскери-саяси экспанцияларына қарсы
халық-азаттық қозғалысына қатысты және Кенесары Қасымұлы сұлтанның жақындарының
қатарында болды. Оның Шу – Талас өзендері арасындағы азат ету қозғалыстарына
белсенді қатысуы Оңтүстік Қазақстанның халық ауыз шығармашылығында айқын көрініс
тапты. 1847 жылдың көктеміне қарай Шу өзенінің Кекілі-Сыңғыр жеріндегі қырғыз
манаптарымен шайқаста Байзақ, Кенесарының тұтқындалуына үш күн қалғанда, сұлтан
Саржанұлы Ержанмен бірге тұтқынға түседі. Тұтқыннан кейін Әулиеата маңындағы
өзінің руластарына қайтып оралды. 1860 жылы Байзақ датқа Қоқанд әскерлерімен
бірге генерал Г.А. Колпаковскийдің орыс әскерлерімен болған Ұзынағаш ұрысына
қатысты, содан кейін туған жеріне оралып, қоқандтарға қызмет етті. 1864 жылы
жазда қоқанд үкіметінің аймақтық көшпелі халыққа көрсеткен езгісіне шыдамаған
ол, Әулиеата маңына орналасқан орыс әскерлеріне баласы Ақмолданы қоқандтарға
қарсы күресте бірігу ұсынысымен жібереді. Қазақ биінің мұндай әрекеті туралы
білген Қоқандтың билеушісі Молда Әлімқұл Байзақты ұстап алып, Ташкентке алып
келуін бұйырды. 1864 жылы тамызда Әлімқұлдың жеке бұйрығымен 75 жастағы Байзақ
датқа жазаның ауыр түрі: тірідей зеңбіректің аузына байлап, оқпен оның денесін
пәршектеді. Халық арасында аты шыққан қарт әрі батырға жасаған ауыр жаза, Ұлы
жүздің руларының қоқандықтарға қарсы шығуына әкеліп соқтырды, сондай-ақ олардың
көпшілігінің орыстар жағына өтуіне себепші болды. Әкесінің өлімі үшін
қоқандтардан кек алуды көксеген Ақмолда 1000 жігітімен М.Г. Черняевтің отрядына
келіп қосылды, әрі оларды басқара отырып, орыс әскерлерімен Шымкент үшін болған
күресіне қатысты. Оның есімі халық әндерімен аңыздарында, әр түрлі тарихи жазба
деректерде ғасырдан-ғасырға жетуде. Ол ирригациялық құрылыстар салумен де
белгілі. Қазіргі Тараз қаласы маңында ол қазған 20-дан астам арналар орны
сақталған.
Байзақ датқаның сүйегі «Байзақ сүресі»
деген жердегі ежелгі оба үстінде жерленген. Оның қабірінің үстінде кесектен
тұрғызылған, 20 ғасырдың басына қарай
толығымен қираған
ескерткіш болған. Оның орнында 2000 жылы монолитті бетоннан, сәулетінде
жергілікті дәстүрлі ғұрыптық сәулет өнеріне тән кесене соғылды. Бір күмбезді,
жоспарда алтықырлы, орталық композициялы көлем, биік барабанды сфералық
күмбезбен жабылған. Күмбездің ұшы шағын күмбезшемен және аймен айқындалған.
Басты сыртқы көрінісі енсіз аркалы кіру тамбуры бар порталмен айқындалған.
Сыртқы қабырғалары ашық хорезм кірпіштерімен қаланған. Кесенеде биіктігі 0,9 м құлпытас пен мәрмәр
тақта орнатылған. Құлпытас ескі қабірдің кірпіштерінен қаланған. Ескерткіштің
территориясы әрлі металл қоршаулармен қоршалған. Қыр етегінен кесенеге кең
бетон баспалдақтар апарады.
4.
МАВЗОЛЕЙ БАЙЗАК БАТЫРА МАМБЕТУЛЫ (ист.).
Расположен на вершине холма, на границе Диханского и Сарыкемерского сельских
округов, на правом берегу р. Талас, в 4-5 км северо-восточнее села. Географические
координаты 42 T 707569 4769235. Сооружен в 2000 году на месте разрушившегося
мавзолея. Архитектор – А. Момынжанов. Байзак батыр – бий, активный участник
борьбы казахского народа с кокандским владычеством. Родился в 1789 году вблизи
Тараза, в семье легендарного батыра Мамбета Кундасулы, по преданиям, видного
сподвижника Абылай хана. Уже в молодом возрасте, проявив незаурядные
организаторские способности и высокие нравственные качества, приобрел уважение
не только у соплеменников, но и у кокандских властей, которые присвоили ему
почетный титул «датка», дававший право на освобождение от налогов и личные привилегии.
Известен и как инициатор процесса оседлости и освоения поливного земледелия в
среде кочевых скотоводов. В 1845 году Байзак датка примкнул к народно-
освободительному движению против царизма и военно-политической
экспансии Коканда и находился в составе ближайших сподвижников султана Кенесары
Касымулы. Его активное участие в освободительном движении на территории
Шу-Таласского междуречья нашло яркое отражение в устном народном творчестве
казахов Южного Казахстана. Весной 1847 года во время сражения с киргизскими
манапами вблизи урочища Кеклы-Сынгыр на реке Шу, Байзак попал в плен вместе с
султаном Ержаном Саржанулы за три дня до пленения Кенесары. После освобождения
из плена вернулся к своим соплеменникам в окрестности Аулие-Аты. В 1860 году
Байзак датка в составе кокандского войска принимал участие в Узунагашской
битве с русскими войсками генерала Г.А. Колпаковского, затем вернулся в родные
кочевья и служил у кокандцев. Летом 1864 года, возмущенный произволом
кокандских властей в отношении кочевого населения региона, направил в
месторасположение русского военного отряда близ Аулие-Аты своего сына Акмолду
с предложением о содействии в борьбе с кокандцами. Узнав об этом поступке
казахского бия, правитель Коканда Мулла Алимкул приказал схватить Байзака и
доставить к нему в Ташкент. В августе 1864 году по личному приказу Алимкула
75-летнего Байзака датку предали мучительной казни: привязав живого к жерлу
пушки, выстрелом разорвали его тело. Жестокая расправа над популярнейшим в
народе старейшиной и батыром вызвала антикокандские выступления в казахских
родах Старшего жуза, в немалой степени способствовала переходу многих из них
на сторону русских. Акмолда, желая отомстить кокандцам за смерть отца, привел в
отряд М.Г. Черняева 1000 джигитов и, возглавив их, участвовал в составе
русских войск в боях за Шымкент. Память о Байзак батыре увековечена в народных
песнях и преданиях, в различных письменных исторических материалах. С его
именем связано создание ирригационных сооружений. Сохранились остатки более 20
построенных им оросительных каналов, протекающих в округе современного
г.Тараза.
Останки
Байзак датка похоронены в местности «суре Байзака», на древнем кургане. На
могиле был установлен сырцовый памятник, к началу 20 в. полностью разрушившийся.
На его месте в 2000 году построен мавзолей из монолитного бетона, в
архитектуре которого использованы местные традиции культового зодчества. Однокупольный,
шестигранный в плане объем центрической композиции перекрыт сферическим
куполом на высоком барабане. Навершие купола увенчано небольшим куполком и
полумесяцем. Главный фасад выделен нешироким порталом с арочным входным
тамбуром. Наружные стены облицованы светлым хорезмским кирпичом, с расшивкой
швов. В мавзолее находятся сырцовое надгробие высотой 0,9 м, в котором использованы
кирпичи старого захоронения, и надгробная гранитная плита. Участок памятника
огражден декоративной металлической решеткой. От подножия холма к мавзолею
ведут широкие бетонные ступени.
5. ЖЕРЛЕС ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ (тар., өнер).
Сарыкемер ауылында әл-Фараби атындағы Мәдениет үйінің ғимараты алдындағы алаңда
орналасқан. Географиялық координаттары 42 Т 704246 4763153. 1985 ж. Жеңістің 40
жылдығына арналып салынған. Авторлары: мүсіншілер – Лотош, Сирота, сәулетші –
М. Қаржасов. Мүсінді-сәулеттік кешен екі композициядан және оларды біріктіретін
дөңгелек мінберден тұрады. Композициялык басымдылық – ашылған екі гүл
күлтелерінің фонындағы қайғырып отырған әйел-ана бейнесіне берілген. Ескерткіш
бетоннан салынып, мүсін ақ түске боялған. Күлтелердің бірінің жоғары жағында
Отан соғыс ордені салынса, екіншісінде – «1941-45» деген жазу бар. Күлтелердің
биіктігі – 9,0 м,
мүсіндікі – 2,5 м.
Мінбердің диаметрі – 6,0 м.
Тұғыр алдында – мәңгілік алау.
С. Дембай
5. ПАМЯТНИК ВОИНАМ-ЗЕМЛЯКАМ, павшим в годы Великой Отечественной войны 1941-45 (ист., иск.).
Расположен в селе Сарыкемер, на территории парка рядом с домом культуры имени
аль-Фараби. Географические координаты 42 Т 704246 4763153.
Сооружен в 1985 к 40-летию Победы. Скульпторы – Лотош, Сирота,
архитектор – М. Каржасов. Скульптурно-архитектурный комплекс состоит из двух
композиций и объединяющего их круглого подиума. Композиционный акцент – фигура
скорбящей женщины-матери на постаменте, на фоне двух раскрытых лепестков
цветка. Памятник выполнен из бетона, скульптура окрашена в белый цвет. В
верхней части одного из лепестков изображен орден Отечественной войны, на
другом – надпись «1941-1945». Высота лепестков – 9,0 м, скульптуры – 2,5 м. Диаметр подиума – 6 м. Перед постаментом – Вечный
огонь.
С. Дембай
6. ҚЫЗЫЛҚАЙНАРТӨБЕ МЕКЕНЖҰРТЫ, 1-4 ғғ.
(археол.) Жібек Жолы ауылының оңтүстік-батыс шетінде, Қызыл Қайнар тау сайының
оң жағалауында орналасқан. Географиялық координаттары 42 T 716367 4767652.
Мекенжұртты 1968 жылы ҚазКСР FA ТАЭИ-ның Жетісу археологиялық экспедициясы
ашып, зерттеді (М.С. Мерщиев), 1993 жылы ОҚКАЭ қазақстан-француз отряды, 2000
жылы ОҚКАЭ (К.М. Байпақов) зерттеді. 2010 жылы «Археологическая экспертиза» ЖСШ
ескерткіштер Жинағы экспедициясы (С.Ақылбек, Ш.Құдабаев) зерттеп құралмен
жоспарын түсіріп, координаттарын алған.
«Алаңды төбе» тобына
жататын екі қабатты төбенің диаметрі – 100 м биіктігі – 5,5 м. Орталық бөлігіне
жүргізілген қазба кезінде монументалды құрылыстың қалдығы ашылды. Өлшемдері
33х33 м болып келген шаршы бөлік периметрі бойынша ені 2-2,5 м ұзын әрі жіңішке
бөлмелермен қоршалған. Қабырғалары өлшемдері 60-80х60-80х60-80 см-лік пахса
кесектерінен қаланған. Бөлменің сыртқы қабырғасының қалыңдығы – 3,5 м, ішкісінікі – 1,3-1,4 м. Бөлме өлшемдері –
45-25х8-9 см,
жаппасы – трапеция тектес, ірі шикі кірпіштермен иіліп қаланған. Негізінен
қабырғаның жаппаға өтуі 1,6 м
биіктіктен басталады. Дәліздің сыртқы қабырғаларында оқ ататын жер болса керек:
тесіктер бар. Ауланың ортасында монументалды құрылыс болған.
Жобасында крест түрінде болып келген,
ол төрт жапырақша тәрізді. «Жапыракшалардың»
соңғы нүктесінен есептегендегі ара қашыктық – 18 м-ге жуық. Құрылыстың
ортасында параллелді екі дәліз іспетті бөлме бар. Олардың да жаппасы иіліп
қаланған. Батыс жақтағы бөлмеде 3
м тереңдіктен бір адам жерленген қабір тазаланды. Мүрде
құрылыс тасталынып кеткеннен кейін қойылған. Адам басымен солтүстік-шығысқа
қаратылып, арқасымен жатқызылып созылған кейіпте жерленген. Антрополог О.И.
Исмағұловтың анықтауы бойынша, қаңқа – араласқан нәсіл типтес (монғолоидтық
қоспасы бар еуропоид) 50-55 жастағы ер адам. Қабірден семсер сабының сүйектен
жасалған қаптамасы табылды. Жерленген адамның мойнында өрілген алтын алқа бар.
Жамбас сүйектің маңайынан темір тілі бар қоладан жасалған белдік басы табылды.
Белдіктің өзі банттар түріндегі жұқа қола пластиналармен безендірілген.
Сондай-ақ бір жүзді темір қанжар, 8 темір жебе ұшы табылды. Жебе ұштары – үш
қанатты, біз құйрықты, ұзындығы – 6,5-7 см. Белдіктен төмен, оң аяғының сүйектеріне
параллел темір семсер бар. Сабын есептемегендегі ұзындығы – 74 см. Санының деңгейінен
күрделі садақтың сүйек қаптамалары аршылып алынды. Басынан бидай дәніне ұқсас
жапсырмалармен әшекейленген диск түріндегі алтын табылды. Қабір 4-5 ғғ.
мерзімделінеді. Құрылыстыңөзі шамасы храм болуы
мүмкін, 1-4 ғғ. мерзімделінеді. Осыған ұқсас құрылыстар Орта Азиядан, атап
айтсақ: Бұқара оазисінің солтүстік-батысында және Ферғанада қазылды.
Зерттеушілердің пікірінше, олар еске алу культі ескерткіштеріне және онымен
байланысы бар от пен күн культіне біріктірілген ескерткіш. Қызылқайнартөбе
қонысынан табылған заттар ҚР FA Ә.Х. Марғұлан атындағы АИ-ның мұражайында
сақтаулы.
Әдеб.: Мерщиев М.С. Поселение Кызылкайнартобе 1-4 вв. и
захоронение на нем воина 4-5 вв. В кн.: По следам древних культур Казахстана.
Алма-Ата, 1970. С. 79-92; Байпаков К.М., Бушарлат Р., Лекомт О., Руссе М-О. О
совместной работе казахстанских и французских археологов. Доклады национальной
Академии наук РК. 1993. № 3. С 72-74.
К.М. Байпақов
6. ПОСЕЛЕНИЕ КЫЗЫЛКАЙНАРТОБЕ, ранний железный век (археол.). Юго-восточная окраина села
Жибек жолы, правый берег горного сая Кызылкайнар. Географические координаты 42
T 716367 4767652. Выявлено и обследовано в 1968 году отрядом ОАЭ ИИАЭ АН
КазССР (М.С. Мерщиев), в 1993 году – казахстанско-французским отрядом ЮККАЭ, в
2000 году – ЮККАЭ (К.М. Байпаков). Обследовано 2010 году экспедициейСвода
памятников ТОО «Археологическая экспертиза» (С.Акылбек, Ч.Кудабаев), снят
инструментальный план, получены географические координаты.
Двухъярусный холм «тобе с площадкой» диаметром 100 м и высотой 5,5 м. Раскопки центральной
части выявили остатки монументального сооружения. Квадратный участок со
стороной 33 м
по периметру был окружен длинными узкими помещениями шириной 2-2,5 м. Стены сложены из
пахсовых блоков размерами 60-80х60-80х60-80 см. Толщина внешних стен помещений – 3-3,5 м, внутренних – 1,3-1,4 м. Помещения перекрывались
сводами, сложенными напуском из крупных сырцовых кирпичей трапециевидной формы.
Переход от основания к своду начинался на высоте 1,6 м. Во внешних стенах
коридора имелись проемы, видимо, бойницы.
В центре двора находилось монументальное сооружение,
крестообразное в плане, в виде четырехлепестковой розетки. Расстояние от
крайних точек «лепестков» – около 18
м. В центре постройки находились два параллельных
коридорообразных помещения, которые были также перекрыты сводами. В западном
помещении на глубине 3 м
было расчищено одиночное захоронение. Погребенный был положен в вытянутом
положении на спине, головой на северо-восток. По определению антрополога О.И.
Исмагулова, скелет принадлежал мужчине 50-55 лет смешанного расового типа
(европеоидного с примесью монголоидного). В погребении были найдены костяная
накладка от рукоятки меча, на шее погребенного имелась плетеная золотая
цепочка. В области костей таза найдена бронзовая пряжка от пояса с железным
язычком. Сам пояс украшен тонкими бронзовыми пластинками в виде бантиков.
Найден железный однолезвийный кинжал, 8 железных наконечников стрел.
Наконечники – трехперые, черешковые, длиной 6,5-7 см. Ниже пояса, параллельно
костям правой ноги, лежал железный меч. Длина его без рукояти – 74 см. На уровне бедер
погребенного расчищены костяные обкладки сложного лука. У черепа найдено золотое
украпогребение 4-5 вв. Сама постройка, видимо, храм, датируется 1-4 вв.
Аналогичные постройки были раскопаны в Средней Азии, на северо-западе
Бухарского оазиса и в Фергане. По мнению исследователей, они могут быть
объединены как памятники поминального культа и связанных с ним культов огня и
солнца. Находки из поселения Кызылкайнартобе хранятся в Музее археологии ИА
им. А.Х. Маргулана АН РК.
Лит.: Мерщиев М.С. Поселение Кызылкайнартобе 1-4 вв. и
захоронение на нем воина 4-5 вв. В кн.: По следам древних культур Казахстана.
Алма-Ата, 1970. С. 79-92; Байпаков К.М., Бушарлат Р., Лекомт О., Руссе М.-О. О
совместной работе казахстанских и французских археологов. Доклады национальной
Академии наук РК. 1993. № 3. С 72-74.
К.М.
Байпаков
|