АҚТӨБЕ МАЗАРЫ (Құлан-Бұлан, Ақ күмбез),
XIX ғ. басы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Абай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5-6 шақырым жерде орналасқан.
Ескерткіш 1936 ж. КАЭ (А.Н. Бернштам, 1978 ж. Жамбыл обл. тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясымен, 1985-2001 ж. НИПИ ПМК мамандарымен зерттелген. 1970 ж. аяғына қарай порталдық қабырғалары мен күмбездері айтарлықтай бұзылып, 1980 ж. аяғында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
1970 ж. аяғына қарай порталдық қабырғалары мен күмбездері айтарлықтай бұзылған.
1980 ж. аяғында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сазды қоспамен күйдірілген төртбұрышты кірпіштен жасалған. Бір камералы квадратты (6,2 х 6,2) текше көлемді биік барабанды салаланып біткен күмбезбен жабылған. Ішкі жиынтық төрт бұрышты күмбез асты желкенмен сүйемелденген. Портал-пештак биіктігі 8 м, негізгі аумағына айтарлықтай жақындай түскен және П-тәріздес рельефті жиектеулермен безендірілген. Қабырға интерьері сыланып, әк қоспасымен әктелген. Бастапқыда алебастрланып, аңшылық көрініс, түрмыс пен қару-жарақ құралдары салынған-фрескалық қолтаңбалар жұмсалған. Күмбезі жоқ, құйылған жер еден.