Ақтөбе қалашығы
IX – XIII ғғ.
Жамбыл облысы, Жамбыл аудыны, Бесжылдық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 0,5 шақырым жерде орналасқан.Қалашықты 1978 ж. Жамбыл обл. тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашқан (К. Байбосынов).Жобасында тік бұрыштылау болып келген алаңның көлемі 150 х 110 м, биіктігі 3,5 м. Қалашық табанындағы ені 16 м, биіктігі 2 м-к үйінді жалмен қоршалған. Бұрыштарымен тараптарға бағытталған ескерткіш кесіндісінде солтүстік-шығыс - оңтүстік-батысқа бағытында орналасқан 3 алаң түрінде болып келген.