ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІ
VII – IX ғғ.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылы, (б.Ленин колхозы) автожолдың оң жағына қарай 0,5-10 м жерде орналасқан.Ескерткішті 1978 ж. Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы тауып, зерттеді.Дөңгеленген дөңес тұрпатты қоныстың диаметрі 110 м, биіктігі 6 м-ге жуық. Қоныс барлық жағынан табанындағы ені 3-4 м, биіктігі 1,5 м-ге жуық үйілген жалмен қоршалған. Үйме жалда мұнара қалдықтары бар. Үстінен хум, хумша, құмыра тәріздес қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі.