|
|
|
|
Главная » 2012 » Май » 04
Облыс ескерткіштерін қорғау
1. Ескерткіштер тізімі туралы бірер сөз Бүгінгі күні облыс бойынша мемлекеттік тізімге алынған ескерткіштердің жалпы саны 741 болса, олардың 28-і республикалық, 713-і жергілікті дәрежедегі тарихи-мәдени ескерткіштер, сонымен қатар, жылда жаңадан алдын-ала тізімге алынатын ескерткіштер анықталып, тізім саны жаңартылып отырады. 1. Қостөбе қалашығы (Байзақ ауданы.) 3. Бектөбе қалашығы (Жамбыл ауданы.)
3. Бауыржан Момышұлы ескерткіші (Жуалы ауданы). 4. Георгиевск қалашығы (Қордай ауданы). 5. Аспара қалашығы (Меркі ауданы). 6. Жазылбек Қуанышбаев ескерткіші (Мойынқұм ауданы). 7. Ықылас Дүкенұлы зираты (Сарысу ауданы). 8. Ақкесене бекінісі (Талас ауданы). 9. Абсент жылқысының ескерткіші (Т.Рысқұлов ауданы). 10. Жайсаң ғұрыптық-мемориалдық кешені (Шу ауданы). 11. Бәйдібек батыр ескерткіші (Тараз қаласы).
Қорғау тақтасын орнату жұмысы
(Автор Б.Устаев)
Прикрепления: |
...
Читать дальше »
)?-->Көкбастау құпиясы
Әр бұлақтың өз иесі, егесі болады, дейді халық ұғымы. Біз айтқалы отырған Теріс елді мекенінде орналасқан Көкбастау бұлағы орта ғасырларда сол маңда жасаған көне шаһар Баркубас қаласын сумен қамтыса керек. Оған жер астынан табылып жатқан қыш құбырлар дәлел. Ал, бүгінде ел табынатын Әулие бастауының біріне айналған – Көкбастау ауылдың оңтүстік қыр жақ бетіндегі жыра қолтығында қайнап жатыр. Аумағы шағын ғана бұлақ сырттан қарап тұрған жанға көз секілді көрінеді. Тура адамның көз қарашығы тәрізді – ортасы қайнар, айналасы ақ керіш, жағасы кірпік тәрізді көгеріп жатыр. Суы таза, мөлдір, бал татиды. Әрі шипалы - асқазан, өт, бауыр, жалпы, ішкі ағзаларға дауа, бала көтермеген әйелдер мен жолы болмай жүргендерге септігі тиеді, дейді айтушылар. Түркістан өңіріндегі Әулие бастаулармен де байланысы бар деген болжам айтылады ел ішінде. Бастау иесі жалғыз көзді, арқасында жалы бар шолақ құйрық айдаһар көрінеді. Ол тек арқалы, Әруақты кісілердің көзіне көрінеді-мыс. Ол сондай-ақ, су бетінде әр түсті бейнелер беру арқылы да аян береді екен. Оның құдіретін кез келген қарапайым адам да көре алады. Басына барғанда құран оқып, мұқият су бетіне зер сала қарап отырса, түлеп сыпырылып түскендей, жылан терісінің әрбір бөлігін, тор көзін анық байқауға болады. Ол жылжып бұлақ аумағын толық алып, көз алдыңнан тірі жыландай өтіп жатады. Сол көріністі көрген адам өзі-ақ тәубаға келе береді. Бастауға байланысты аңызда көп. Соның бірі ел 50 жылдары оның Оңтүстік бетінен су жүретін тоған қазып жатыпты. Үлкендер кетпендерін құлаштай сермеп топырағын сыртқа атып, жас балалар бірін-бірі қуып топырақ үстінде мәре-сәре болып ойнап жатқанында шығыс беттен ақ киімді, ақ түйелі адам көрінеді. Бет алысы осы жақ. Ол келе бұлақ басына түседі. Ел оның түскенін көрсе де «түйемен қыдырып жүрген біреу болар су ішуге келген» деп аса мән бермесе керек. «Ойбай жаңағы түйелі ақ адам жоқ болып кетті, бастауға түсіп кетті ме?» - деп бір әйел байбалам салғанда ғана барып жұрт елең етіпті. Ер кісілер кетпендерін тастай салып бұлақ басына жетеді. Бұлақ қаннен-қаперсіз буырқанып, бұрқылдап, құм атып қайнап жатыр. Маңында түйелі адамның болғанын айғақтар із, не бір белгі жоқ. Жұрт ойы сан саққа жүгіреді. Не жұмбақ, не сыр. Әлде бастау иесі өзінің бар екенін сездіріп қойғысы келді ме? Ертеңіне қой сойылып, құдайы таратылады. Бастау басына жан-жақтан тәубә етіп келушілер көп. Бәрі де Аллаға сиынып, бұлақтан су ішіп денсаулығын жақсарту үшін тілек тілеп келеді. Онда Ана есімді шырақшы жүреді. Ол бір күні су табынынан Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған тайқазаннан әлдеқайда үлкен қазанның төңкеріліп жатқан сұлбасын көреді. Анаға бұл бір жаманаттан хабар беріп тұрғандай көрінеді. Бұлақ басына келушілермен ақылдаса келіп, ол қан шығарып, қазан көтеріп Көкбастау басында құдайы береді. Аллаға төңіректегі елдің басына түскелі тұрған ауыртпалықты жеңілдетуін сұрап жалбарынады. Жөсөспірімдерді тәубаға келтіре көр, деп тілек тілейді. Бұл кезде сол төңіректегі ауыл балалары арасында жанжал туып, өзара нақты келісімге келе алмай, «разборка» жиі жүріп жатқан. Олардың бұл қақтығысулары ел-жұртты да бей-жай қалдырмағаны анық. «Әй, бұлар түбі бірнәрсе көрмей тынбас, тегін емес», - деп сәуегейсінгендер де жоқ емес. Әйтсе де, шайтан арбауына түскен ұрпақты арашалау Әулие -әмбилердің үлесіне тигендей ме? Маңайдағы өзге Әулиелерде тыныш жатсын ба? Ананы мазалады. Енді шырақшы басы жастыққа тисе болды, Қаратау қойнауындағы Атабастаудың түбінде тұрған қара ағашты көретін болды. Бейне, жеті қат көкке көтеріліпті. Қасына Атабастау маңындағы қара ағаш келіп орнай қалыпты. «Бұл неге мұнда тұр», деп таңданады Ана. Бұтақтары шайқалып, қабырғасынан жас тамшылап тұр. Оянып кетсе түсі екен. ... Түсі өңге айналғандай ма? Көкбастау, Атабастаудың күйттегені ұрпақ амандығы екен. Ауа райы күрт суытты. Өзенде буырқанып жатты. Алдын ала екі ауыл жастары уәде байласып, уақыт белгілеседі. Бір жағы ерте келіп, қарсы бетті бейбіт келісімге шақыруға ниеттенген еді... Арғы беттегі ауыл балалары өздерінше бір қауым. Олар сол күнгі «разборкаға» сақадай сай дайындалып, мұздай қаруланып келеді. Шынжыр-сойылдарын білеп, аспанға мылтық атып, шыға келгенде, өзі аз, әрі достасу ниетімен келген бергі біттің балалары тұра қашады. Кенет, найзағай жарқылдап қап-қара түнгі аспанды тіліп, беймәлім ақ жолақ пайда болады. Сол ақ таңба табиғаттың біз біле бермейтін бір құпиясы іспетті. Оған ешкімнің мән бермесі бесенеден белгілі. Сол түні қашқан балалардың арасында жүгіріп келе жатқан Бақұл деген бала сол жолақтан ағып бара жатқан өз жұлдызын көргендей болды. Кенет, аяғы шалынып көпір жарықшағынан суға гүмп ете түсті. Қара ағаштың басынан көк шыбық үзіліп түсті. Жан қиылды, жұлдыз ақты. Өзге шыбықтар салбырап, тұңғиық ойға батты. Артынша елге ес кірді. Көкбастау басында қаза
...
Читать дальше »
Прикрепления: |
|
|
|
Copyright MyCorp © 2024 |
|
|
|