Тараз қаласы,
Сүлейменов көшесі бойында № 195-197 уйлері аралығында орналасқан «Төрткүл XI-XIII ғғ» керуен-сарайы 2008
жылдан бастау алған археологиялық қазба жұмыстарын жылдан жылға жалғасып келді.
Бүгінде кешенді аспанасты мұражайына айналдыру жұмыстары іске асырылатын
болады. Қазба
барысында табылған түрлі қыш ыдыстар, арабша жазуы бар мыс тиындар, жебе
ұштары, үзеңгі секілді ат әбзелдері, бөлмеде орналасқан қазан ошақтары, сақтау
қоймалары ғылыми-лабороториялық зерттеумен айқындалып, қазба барысында табылған
заттай деректер Алматыдағы археология институтына алынып, арнайы лабороториялық
зерттеуден өткізіліп, облыстық мұражайдың сақтау қорына өткізілген. Жергілікті
тұрғындар мен келіп кетушілерге арналған тас жолдар жасалып, археолгиялық қазба
барысында ашылған орындарға тиісінше консервациялық жұмыстар жүргізіліп, кешен
толықтай қорғауға алынған. 
«Төрткүл
XI-XIII ғғ.» қала жұртын тарихи-мәдени ескерткіш ретінде сақтап, келешек
ұрпаққа жеткізумен этнотуризмді дамыту мақсатында археологиялық қайта қалпына келтіру жұмыстарын негізгі
мердігер «Археологиялық экспертиза» ЖШС мен қосымша мердігер «Жобалау мен қайта
қалпына келтіру бойынша мамандандырылған» Күмбез ЖШС-нің және Ә.Марғұлан
атындағы археология институтының тиісті ғалымдары мен мамандары атқаруда. «Төрткүл»
кешені IX ғасырда ірге көтергенін, төрт ғасыр бойына сауданың қайнаған қызу
ортасы болғанын, қазба барысында табылған сақтау қоймалары да ғылыми айқын болып отыр. Бүгінгі күні
«Төрткүл» керуен сарайында қазба жұмыстары мен аспанасты мұражайға айналдыру
мәселесі тиянақталуда. Кешеннің жалпы аумағы 100х100 метр. Пақсалық әдіспен
салынған биіктігі 5м. қалындығы 4,6
м. дуал мен 4
мұнара, оңтүстік және солтүстік жағында 8 метрлік 2 қақпа жасалынған. Сонымен
қатар, солт.-шығысында астық сақтауға арналған қойманың орны, оңт.-батыс
жағында 6 бөлменің орны және батыс бөлігіндегі кейінгі мешіт орналасқан
бастырма астында археологиялық қазба, консервациялық жұмыстары жүргізіліп,
табылған заттай деректер (қыш құмыра, ат әбзелдері т.б.) орналасады.
Келушілерге тастан жол төселіп, қойылған экспанаттарды тамашалауға жағдай
жасалатын болады. Осылайша «Төрткүл керуен сарайында» қазақ халқының
салт-дәстүрлері мен қолданбалы өнерін бір орталыққа шоғырландыру көзделіп
отыр.
|