Вторник, 24.06.2025, 20:13
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 Каталог статей
Главная » Статьи » Мои статьи

Ортағасырлық Тамды ХІ-ХІІІ ғғ.

 

Ортағасырлық Тамды ХІ-ХІІІ ғғ.

Ортағасырлық Тамды қаласы Тамды өзені шайып және әр жылдары шаруашылық  жұмыстарына байланысты бұзылып жатқан ескерткіштердің қатарында. Археологиялық зерттеулер тікелей қалашықтың бұзылып жатқан аумақтарына жүргізілді. Нәтижесінде қалашықтың пайда болу даму тарихына қатысты жаңа деректер алынып, болашақта ашық аспан асты музейіне айналдыруға қатысты шаралар атқарылды. Археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын, «Тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының» тапсырысымен, т.ғ.д. профессор Елеуовтың басшылығымен «Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС жүргізді. Зерттеу жұмыстары барысында ортағасырлық Тамды қалашығының цитадельінің жоғарғы құрылыс қабатының үш бөлігінен қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ортағасырлық Тамды қаласының тарихи-топографиялық құрылымының сақталған бөліктерінің көлемі анықталып, олардың қорғау аймағының жобасы жасалынды. Цитадельдің солтүстік батыс бұрышындағы мұнара оған іргелес жатқан құрылыстарда және қаланың солтүстік бұрышындағы мұнараның бұзылған бөліктерінде жүргізіліп, бірнеше бөлмелердің орындары аршылды.


Цитадельдегі қазба жұмыстары нәтижесінде оның пайда болу және қалыптасу, даму кезеңдері анықталды. Ортағасырлық Тамды қалашығын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру мақсатындағы 2011 жылдың далалық маусымында бірқатар жұмыстар жасалынды. Далалық жұмыстарды атқару барысында келісім шартта көрсетілген техникалық талаптардың орындауда «Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС мен «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы» ЖШС арасында өзара келісім шарты жасалынды. Келісім шарт бойынша негізгі мердігер «Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС. тарапынан бірқатар техникалық жұмыстар, қосалқы мердігер «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы» ЖШС-не тапсырылды. Ол бойынша «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төмендегі жұмыстарды атқаруға міндеттелді:

Қаланың 2011ж. қазба жұмыстары жүргізілуге жоспарланған аумақтағы электр бағаналарының орнын өзгерту, қорғау аймағынан тысқары орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру. Қаланың оңтүстік-батыс бұрышына және шығыс бетіне қала аумағын қоршау шарбақтарын (қоршау аймағында көрсетілген жоба бойынша) тарту. Қаланың оңтүстік және шығыс бөлігіндегі қорғау аймағына кіретін жолдарға тосқауыл қою, жолдардың альтернативті бағытын салу. Қаланың солтүстік-батыс бөлігіндегі шахристан қабырғасының табиғи апаттан бұзылып жатқан (өзен суы шайған) тұсына су мен селге төзімді тосқауылдар жасау. Қазба жұмыстары соңында барлық нысандардағы қалдық топырақ үйінділерін қала аумағынан шығару.  Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді және келісім шартта көрсетілген техникалық талаптарды басшылыққа ала отырып «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы» ЖШС-гі өз жұмысын үстіміздегі жылдың сәуір-қыркүйек айлары арасында жүргізді.

Қазба жұмыстары жүргізілген нысандарға уақытша сақтау шатырларын (нысан көлеміне сай) тұрғызу.

Ортағасырлық Тамды қалашығында 2011ж. далалық маусымында «Тараз» Ғылыми археологиялық орталығы ЖШС өз тарапынан жасалынған жұмыстарды, «Археолог» Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-мен жасалынған қосалқы мердігерлік келісім шартта көрсетілген барлық талаптар мен шарттарды сақтай отырып, келісілген мезгілінде орындады.  

Категория: Мои статьи | Добавил: Baxa (13.04.2012)
Просмотров: 3170 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright MyCorp © 2025
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ