Среда, 22.01.2025, 07:42
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 Каталог статей
Главная » Статьи » Мои статьи

Көне Тараз қалашығы І-ХІХ ғғ.
«Көне Тараз» қалашығында «Төлебай» базары әкімшілігі келісімімен археологиялық қазба жұмыстары т.ғ.д. профессор К.Байпақовтың жетекшілігімен басталған болатын. Алғашқы күннің өзінен ортағасырлық архитектуралық нысан құрылысының қабырғалары аршылуда.
 
Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін облыс бюджетінен бөлінген қаржыға 750 шаршы метр жерде жүргізілді.Археологиялық алғашқы қазба жұмыстары кезінде – ақ көне дәуірге жататын, бір қатар бұйымдарды тауып үлгерді. Бұл көпшілік арасында оң пікір туғызуда. Археолог мамандар осы заманғы талапқа сай техникалық құралдармен жабдықталған. Қазба жұмыстары беткі қоқыс қабатын тазарту жұмыстарынан басталды, беткі қоқыс қабаты астынан  қараханидтер дәуіріне жататын  көп мөлшердегі сырлы керамикалар тобы табылды. 

Тағы да бір анықталғаны, аршылған құрылыс орны көптеген іргетастар мен шикі кірпіштен түзелген құрылымдардан тұрады. Табылған архитектуралық құрылыс қалдықтарын монғол дәуіріне дейінгі уақытқа жатқызады. Сақталып қалған монша – хамам әр түрлі мақсатта қолданылған екі бөлмеден тұрады. Хамам күйдірілген кірпіштен қаланған және еден асты жылу жүйесімен жабдықталған. Бұл ортағасырдағы адамдардың қоғамдық статусының жоғарлығын білдіреді. Моншаның қабырғалары және шикі кірпіштен түзелген құрылыс өзінің жалғасын қазба жиегінен тысқары жатқандығын, қазба жұмыстарының сұлбасынан анық көруге болады. Бұл қазба жұмыстарының аумағын ұлғайтуын керектігін көрсетіп отыр. Бұл моншалар осы уақытқа дейін 1938 жылы А.Н.Бернштам жетекшілік еткен Жетісу археологиялық экспедициясымен зерттелген, монша жобасының көлемі (14 х 13,3 метр). Оңтүстік шығысында кіру бөлмесіне қарама-қарсы жылыту жүйесі орналасқан. 


Ал солтүстік батыс бөлмесінде тік төртбұрышты вестебюль және  оған симметриялы дәлізден тұрған. Үш кішкене бөлмелер моншаның оңтүстік бөлігінде, ал тіктөртбұрышты пішіндегі екі бөлме, кіру есігімен дәліз моншаның батыс бөлігін түзеген. Келесі топтағы бөлмелер екі перпиндикуляр белдікте топтастырылған. Ал 1987 жылы тарихи-өлкетану музейінің директоры К.Байбосыновтың жетекшілігімен XI-XII ғ.ғ. монша-хамам зерттелген болатын. Бұл моншаның біріншісінен айырмашылығы: ислам архитектурасында үлкен белес алған құрылыс канондарына сай жүргізілген болатын. Бұл моншадан табылған еден астында жылу жүретін қуыстар, су құбырлар, әртүрлі ою-өрнегі  бар шырағандар, ыдыстар қолөнершілер өнерінің жоғары екендігін дәлелдейді.   Қазба жұмыстары барысында салынған шурфтар (9 шурф) тереңдігі 2,5 метр, қазбаның күрделі стратиграфиялық құрылымы,  әлеуетті мәдени қабаттарды анықтауға және VIII-IX ғ.ғ. археологиялық құрылыстырды  зерттеуге мүмкіншілік беріп отыр. Қазба жұмыстары кезінде анықталған су құбыр жүйесі және хамам-монша элементтері мен қатар орта ғасырларда инжерлік біліктіліктің экономика мен мәдениетің гүлдену кезеңі - оның ішінде мұсылмандық қайта өрлеу дәуірінің жетістігін көрсетеді. Қазба  барысында табылған көптеген шыныдан, керамикадан және түрлі түсті металдан дайындалған заттар, мамандардың Тараз қаласының Орта Азия қолөнер орталығы болды деген ойға саяды.

Табылған теңге материалдары орта ғасыр ақшасының түрлі-түсті металдардан жасалуы ортағасырылық Таразда (теңге сарайы) болғандығын болжамдайды.Керамикалық бұйымдардың бетіне түсірлген эпиграфиясы мен крест түріндегі белгілері ортағасырлық діндердің арасындағы  дін аралық татулықтың тағы бір дәлелі. Қазба жұмыстары кезінде табылған зооморфтық мөрлер, аңдар бейнесінің құйылуы, аңдарға деген құрметті көрсетеді. Осы артефакттар жиынтығы Тараздың Ұлы Жібек жолы бойындағы  сауда орталығы болғандығы дәлелі. Жергілікті тұрғындарды, білімгерлерді жұмысқа тарту бірнеше рет ұйымдастырылған көрмелер, жергілікті деңгейде қызығушылық туғызуда. Қазба орындарының үстінде орнатылған арнайы суағарлармен жабдықталған шатыр, қоршау, археологиялық нысандарды сақтау, консервациялық жұмыстары дүние жүзі қолданысындағы алдыңғы қатарлы тәсіл болып табылады.

Қазба жұмыстарының далалық маусымының соңғы кезеңінде жүргізілуіне байланысты, алдағы болатын жауын-шашынды мезгілді ескере отырып, қазба жұмыстары жүргізілетін аумаққа уақытша сақтау шатыры тұрғызылды.
Категория: Мои статьи | Добавил: Baxa (13.04.2012)
Просмотров: 2628 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 2
2 Cako  
0

1 Alka  
1
Үлкен Мұражай қашан ашылар екен ?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Copyright MyCorp © 2025
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ