Четверг, 25.04.2024, 05:15
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру ДИРЕКЦИЯСЫ
Главная Мой профильРегистрация ВыходВход
Вы вошли как Қонақ · Группа "ҚОНАҚТАР"Приветствую Вас, Қонақ · RSS
ЕСКЕРТКІШТЕР
КІРУ
КӨШІРІҢІЗ
ДИРЕКЦИЯ
СТАТИСТИКА
 ОБЛЫСТЫҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІН ҚОРҒАУ
... Читать дальше » )?-->

ЖУАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ДАҢҚТЫ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ МҰРАЖАЙЫ


Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылында орналасқан.

1941-45 Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығына 1995 ж. 9 мамырда ашылған. Бауыржан Момышұлы (1910-82), қазақ жазушысы, Кеңес Одағының Батыры (1990, қаза болғаннан кейін). Жуалы ауданында туып-өскен, мұғалім, қаржы салаларында жұмыс істеген. 316-ыншы (8-ші гвардиялық) Панфилов атқыштар дивизиясының құрамындағы Мәскеуді ерлікпен қорғаған мүшесі. Мәскеу түбіндегі шайқаста батальонды басқарып, маңызды участок Волоколамск тас жолындағы қорғанысты үйлесімді ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары - полк дивизия басшысы болды. Соғыстан кейін осы академияда дәріс берді. 1956 ж. - отставкадағы полковник. Ұлы Отан соғысы туралы бірқатар туындылардың авторы. Оның «Біздің от-басымыз», «Артымызда Москва» (1958), «Генерал Панфилов» (1963), (Абай атын. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын 1976) атты кітаптары кеңінен танымал және бірнеше рет әлем халықтарының тілдерінде қайта шығарылды. Б. Момышұлы Отан соғысының 1-дәрежелі орденімен, Ленин, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі», екі мәрте Қызыл Жұлдыз орденімен, кептеген медальдармен марапатталған. Музей ғимараты 1991-95 соғылған, (архитекторы Т. Жылыбаев). Бірқабатты Г-тәріздес жоспардағы көлемі монометті темір-бетон қызғылт қабыршақтармен қапталған. Автордың ойлап табуымен фасад ашылған кітап түрінде шешілген. Кіре берісте - қаламұшты бейнелейтін деталь бар. Ішкі жоспарлау үлкен экспозициялық зал мен бірнеше қызметтік жайда түрады. Мұражайда батырдың тек заттары, соғыс жылдарының жылнамасы кітаптар, Б. Момышүлының өмірі мен қайраткерлігі, оның отбасы, Ұлы Отан соғ. қатысушы-жерлестері туралы фотоматериалдар жиналған мұражайға кіре берісте Б. Момышұлының ескерткіші орнатылған. 2000 ж. мұражай территориясына ауыстырылды. 1989 ж. салынған, авторы И.И. Шорохов. Қызыл мыстан жасалған бюст мәрмәр плиталармен қапталған бетон тұғырға орнатылған. Мүсін портреттік ұқсастықтағы ұстамды иілімді ұстамды нақышта жасалған. Б. Момышұлы полковниктің әскери кейпі мен папахада бейнеленген. ... Читать дальше »

Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 13314 | Добавил: Baxa | Дата: 07.05.2012 | Комментарии (6)

Облыс ескерткіштерін қорғау

1. Ескерткіштер тізімі туралы бірер сөз

Бүгінгі күні облыс бойынша мемлекеттік тізімге алынған ескерткіштердің жалпы саны 741 болса, олардың 28-і республикалық, 713-і жергілікті дәрежедегі тарихи-мәдени ескерткіштер, сонымен қатар, жылда жаңадан алдын-ала тізімге алынатын ескерткіштер анықталып, тізім саны жаңартылып отырады. 

1. Қостөбе қалашығы (Байзақ ауданы.)

3. Бектөбе қалашығы (Жамбыл ауданы.)


3. Бауыржан Момышұлы ескерткіші (Жуалы ауданы).

4. Георгиевск қалашығы (Қордай ауданы).

5. Аспара қалашығы (Меркі ауданы).

6. Жазылбек Қуанышбаев ескерткіші (Мойынқұм ауданы).

7. Ықылас Дүкенұлы зираты (Сарысу ауданы).

8. Ақкесене бекінісі (Талас ауданы).

9. Абсент жылқысының ескерткіші (Т.Рысқұлов ауданы).

10. Жайсаң ғұрыптық-мемориалдық кешені (Шу ауданы).

11. Бәйдібек батыр ескерткіші (Тараз қаласы).



Қорғау тақтасын орнату жұмысы


(Автор Б.Устаев)

Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 2919 | Добавил: Baxa | Дата: 04.05.2012 | Комментарии (1)

... Читать дальше » )?-->
Көкбастау құпиясы


Әр бұлақтың өз иесі, егесі болады, дейді халық ұғымы. Біз айтқалы отырған Теріс елді мекенінде орналасқан Көкбастау бұлағы орта ғасырларда сол маңда жасаған көне шаһар Баркубас қаласын сумен қамтыса керек. Оған жер астынан табылып жатқан қыш құбырлар дәлел. Ал, бүгінде ел табынатын Әулие бастауының біріне айналған – Көкбастау ауылдың оңтүстік қыр жақ бетіндегі жыра қолтығында қайнап жатыр. Аумағы шағын ғана бұлақ сырттан қарап тұрған жанға көз секілді көрінеді. Тура адамның көз қарашығы тәрізді – ортасы қайнар, айналасы ақ керіш, жағасы кірпік тәрізді көгеріп жатыр. Суы таза, мөлдір, бал татиды. Әрі шипалы - асқазан, өт, бауыр, жалпы, ішкі ағзаларға дауа, бала көтермеген әйелдер мен жолы болмай жүргендерге септігі тиеді, дейді айтушылар. Түркістан өңіріндегі Әулие бастаулармен де байланысы бар деген болжам айтылады ел ішінде. Бастау иесі жалғыз көзді, арқасында жалы бар шолақ құйрық айдаһар көрінеді. Ол тек арқалы, Әруақты кісілердің көзіне көрінеді-мыс. Ол сондай-ақ, су бетінде әр түсті бейнелер беру арқылы да аян береді екен. Оның құдіретін кез келген қарапайым адам да көре алады. Басына барғанда құран оқып, мұқият су бетіне зер сала қарап отырса, түлеп сыпырылып түскендей, жылан терісінің әрбір бөлігін, тор көзін анық байқауға болады. Ол жылжып бұлақ аумағын толық алып, көз алдыңнан тірі жыландай өтіп жатады. Сол көріністі көрген адам өзі-ақ тәубаға келе береді. Бастауға байланысты аңызда көп. Соның бірі ел 50 жылдары оның Оңтүстік бетінен су жүретін тоған қазып жатыпты. Үлкендер кетпендерін құлаштай сермеп топырағын сыртқа атып, жас балалар бірін-бірі қуып топырақ үстінде мәре-сәре болып ойнап жатқанында шығыс беттен ақ киімді, ақ түйелі адам көрінеді. Бет алысы осы жақ. Ол келе бұлақ басына түседі. Ел оның түскенін көрсе де «түйемен қыдырып жүрген біреу болар су ішуге келген» деп аса мән бермесе керек. «Ойбай жаңағы түйелі ақ адам жоқ болып кетті, бастауға түсіп кетті ме?» - деп бір әйел байбалам салғанда ғана барып жұрт елең етіпті. Ер кісілер кетпендерін тастай салып бұлақ басына жетеді. Бұлақ қаннен-қаперсіз буырқанып, бұрқылдап, құм атып қайнап жатыр. Маңында түйелі адамның болғанын айғақтар із, не бір белгі жоқ. Жұрт ойы сан саққа жүгіреді. Не жұмбақ, не сыр. Әлде бастау иесі өзінің бар екенін сездіріп қойғысы келді ме? Ертеңіне қой сойылып, құдайы таратылады. Бастау басына жан-жақтан тәубә етіп келушілер көп. Бәрі де Аллаға сиынып, бұлақтан су ішіп денсаулығын жақсарту үшін тілек тілеп келеді. Онда Ана есімді шырақшы жүреді. Ол бір күні су табынынан Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған тайқазаннан әлдеқайда үлкен қазанның төңкеріліп жатқан сұлбасын көреді. Анаға бұл бір жаманаттан хабар беріп тұрғандай көрінеді. Бұлақ басына келушілермен ақылдаса келіп, ол қан шығарып, қазан көтеріп Көкбастау басында құдайы береді. Аллаға төңіректегі елдің басына түскелі тұрған ауыртпалықты жеңілдетуін сұрап жалбарынады. Жөсөспірімдерді тәубаға келтіре көр, деп тілек тілейді. Бұл кезде сол төңіректегі ауыл балалары арасында жанжал туып, өзара нақты келісімге келе алмай, «разборка» жиі жүріп жатқан. Олардың бұл қақтығысулары ел-жұртты да бей-жай қалдырмағаны анық. «Әй, бұлар түбі бірнәрсе көрмей тынбас, тегін емес», - деп сәуегейсінгендер де жоқ емес. Әйтсе де, шайтан арбауына түскен ұрпақты арашалау Әулие -әмбилердің үлесіне тигендей ме? Маңайдағы өзге Әулиелерде тыныш жатсын ба? Ананы мазалады. Енді шырақшы басы жастыққа тисе болды, Қаратау қойнауындағы Атабастаудың түбінде тұрған қара ағашты көретін болды. Бейне, жеті қат көкке көтеріліпті. Қасына Атабастау маңындағы қара ағаш келіп орнай қалыпты. «Бұл неге мұнда тұр», деп таңданады Ана. Бұтақтары шайқалып, қабырғасынан жас тамшылап тұр. Оянып кетсе түсі екен. ... Түсі өңге айналғандай ма? Көкбастау, Атабастаудың күйттегені ұрпақ амандығы екен. Ауа райы күрт суытты. Өзенде буырқанып жатты. Алдын ала екі ауыл жастары уәде байласып, уақыт белгілеседі. Бір жағы ерте келіп, қарсы бетті бейбіт келісімге шақыруға ниеттенген еді... Арғы беттегі ауыл балалары өздерінше бір қауым. Олар сол күнгі «разборкаға» сақадай сай дайындалып, мұздай қаруланып келеді. Шынжыр-сойылдарын білеп, аспанға мылтық атып, шыға келгенде, өзі аз, әрі достасу ниетімен келген бергі біттің балалары тұра қашады. Кенет, найзағай жарқылдап қап-қара түнгі аспанды тіліп, беймәлім ақ жолақ пайда болады. Сол ақ таңба табиғаттың біз біле бермейтін бір құпиясы іспетті. Оған ешкімнің мән бермесі бесенеден белгілі. Сол түні қашқан балалардың арасында жүгіріп келе жатқан Бақұл деген бала сол жолақтан ағып бара жатқан өз жұлдызын көргендей болды. Кенет, аяғы шалынып көпір жарықшағынан суға гүмп ете түсті. Қара ағаштың басынан көк шыбық үзіліп түсті. Жан қиылды, жұлдыз ақты. Өзге шыбықтар салбырап, тұңғиық ойға батты. Артынша елге ес кірді. Көкбастау басында қаза ... Читать дальше »
Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 1504 | Добавил: gladiators | Дата: 04.05.2012 | Комментарии (0)

... Читать дальше » )?-->
Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 2045 | Добавил: gladiators | Дата: 23.04.2012 | Комментарии (0)

... Читать дальше » )?-->


Ақ Кесене аңызы
( Х-ХІІ, ХҮІІ ғғ)


 Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алатын орнын бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға өз халқының өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен құлдырау кезеңдерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді. Жамбыл облысында орналасқан маңызды, тарихи-мәдени ескерткіштер өте көп. Олардың ішінде ата-бабаларымыздың өмірі, салт-дәстүрі, мәдени өнерлері туралы тарихи маңызды мәліметтер беретін архологиялық ескерткіштер де аз емес. Қазіргі таңда Жамбыл облысында ортағасырлардан осы күнге дейін керемет сақталып қалған тарихтан сыр шертетін археологиялық ескерткіштердің бірі - Талас ауданындағы Ақ Кесене бекінісі. Бекініс Талас ауданының Үшарал ауылынан солтүстік батысқа қарай 35 шақырым жерде, бұрынғы шөл далалы  мекендегі кеуіп кеткен Қалмақ-Арық магистральді каналдың жағасында орналасқан. Ақ Кесене мұнарасын алғаш 1896 – жылы зерттеген өлкетанушы В.А Каллаур болды. Ол Ақ Кесененің мұнараға ұқсас екенін, кесененің ортасында жоғары алып шығатын  айналма  (винт бейнелі) саты орналасқанын айтады. Ақ Кесенені 1945, 1949 жылдары Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 1980 – жылдары «Қазжобажаңғырту» 1983 - жылдары ҚазМУ-дың археологиялық отряды зерттеген. Зерттелген мәліметтер бойынша бекіністің сары топыраққа ірге тассыз салынғаны анықталды. Бекініс бұрыштарында мұнаралары бар, қабырғалармен қоршалған, тік бұрышты алаңқай. Бекіністің шығысындағы Ақ Кесене деген атпен белгілі мұнара дөңгелектеу келген, диаметрі 11 метр, биіктігі 9 метр. Бекіністің мерзімі  Х – ХІІ ғасыр, мұнараның құрылысы ХVІІ ғасырларда тұрғызылған деген болжам бар. Қазба жұмыстарынан табылған қыш материалдарда суармалы емес қыштардың сынықтары бар (хумдар, құмыралар). Қыштар әл-Фараби атынд. ҚазМУ-дың археология жөне этнография кафедрасында сақталуда. Әрине мұндай мұнаралы бекіністің сыртқы жаудан қорғану үшін тұрғызылғаны анық. Мұнараға саты арқылы көтеріліп, жоғарыдан бақылаушы жауынгер алыстағы жауды көріп хабарды дер кезінде жеткізуге мүмкіншілік алатын болған. Қалыңдығы 3 метрлік қабырғалардан тұрғызылған бекіністі жаудың бұзуына да оңай болмаған. Ғасырлар бойы тұрған Ақ Кесене  көпті көрген қарт кісідей талай тарихи сырды ішіне бұғып бүгінгі ұрпаққа да жетіп отыр. Бір өкініштісі кесененің уақыт өте келе жаңбырдан, желден, ыстық-суықтан бұзылып топыраққа айналып кетуі ғажап емес. Талас ауданының даласында көрік беріп тұрған осындай құрылысты басқа аудандардан сақталғаны күйінде кездестіруі сирек. Көбісі бұзылып, топырақ үйіндісіне айналып кеткен. Сондықтан  облысымызда  сирек кездесетін Ақ Кесене бекінісін қалпына келтіру, болашаққа сақтап қалу бүгінгі күннің талабы. Осы бастан қолға алынбаса, ескерткіштің құлап қалуы әбден мүмкін. Кейін оны қалпына келтіру де мүмкін болмас. Әрине Ақ Кесенені қалпына келтіру қалай-болса солай тұрғыза салатын оңай шаруа емес.Оның қыр-сыры зерттеліп арнайы топырақтан жақсылап тұрғызылғандығы дұрыс болар еді. Биылғы жылы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Талас ауданындағы Ақ Кесене бекінісіне, Ноғай Ишан, Илібай (Қу ... Читать дальше »

Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 5145 | Добавил: gladiators | Дата: 23.04.2012 | Комментарии (0)

... Читать дальше » )?-->
Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 1776 | Добавил: Baxa | Дата: 20.04.2012 | Комментарии (0)

... Читать дальше » )?-->
Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 2305 | Добавил: Baxa | Дата: 20.04.2012 | Комментарии (0)



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1939 жылы 14 қарашада құрылған. Жерінің аумағы 144,3 мың шаршы шақырым, тұрғындарының саны 983,9 мың адам (1999 ж.). Батысында Оңтүстік Қазақстан, солтүстігінде Қарағанды, шығысында Алматы облыстарымен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен шектеседі. Облыс аумағындағы 383 елді мекен 10 әкімшілік ауданға, 4 қалаға, 13 кенттік және 82 ауылдық әкімшілік округтерге біріктірілген (1999 ж.) Орталығы – Тараз қаласы.
Жамбыл облысының көп бөлігі жазықты болып келген. Шу өзенінің аңғарынан солтүстікке қарай Сарыарқаға дейінгі кең өңірді сазды, ұсақ шоқылы Бетпақдала шөлі (ең биік жері Байқара жотасы, биіктігі 665м), Шу-Талас өзені аралығын төбешікті-қырқалы құмды Мойынқұм шөлі алып жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Қаратау жотасы (1600 м), оңтүстігінде Қырғыз Алатауы (1400 м), оңтүстік-шығысында Желтау, Айтау таулары Іле Алатауына ұласып кетеді. Ең үлкен өзені-Шу, ол облыстың шығыс бөлігінен батысқа қарай ағып өтеді. Талас өзенінің суы тау бөктеріндегі жазыққа шыққан тұсында егін суаруға пайдаланылады. Үшінші ірі өзені-Асы суы мол жылдары Таласқа қосылады. Көптеген орта және кішігірім өзендер (Шабақты, Бүркітті, Ырғайты, Құрағаты, т.б.) Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларының және Қаратаудың беткейлерінен басталады. Өзендер мұздық (Шу, Талас), қар және ыза суымен толығады. Көлдердің көбі жазда құрғап, сорға айналады. Ірілері-Ақжар, Ащыкөл, Ақкөл, Билікөл, Үлкен Қамқалы, т.б. Шу өзенінде Тасөткел бөгені, Асы бойында Терісащыбұлақ бөгені салынған. Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ежелден-ақ шартарапқа кетіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан жері болған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Ежелгі Тараздың «саудагерлер қаласы» болып аталуы бекер болмаса керек. Тарихымыздың темір қазығына айналған Ежелгі Тараз қаласы ортағасырлар кезеңінен-ақ ірі сауда мен мәдени орталығына айналған. Бұл өңір тарихымыздың әр түрлі кезеңдерінен сақталған тарихи-мәдени ескеркіштерге бай өлке. Ескерткіштер өңірдің шығысы мен оңтүстік-шығысында Желтау, Айтау тау жоталарынан бастап оңтүстік-батысында Қаратауға дейін, солтүстігінде Сарыарқадан оңтүстікке қарай Талас алатауына дейінгі аралықта кездеседі. Жамбыл облысында 2006 жылға дейін мемлекеттік есепке алынған 1072 ескерткіш болса, оның ішінде 840 археологиялық, 111 тарихи, 107 сәулет және қала құрылыстары, 5 монументальді өнер ескерткіштері бар. 2006-2007 жылдары аралығында Тұран археологиялық экспедициясы (М.Елеуов) Жуалы, Жамбыл, Талас және Сарысу аудандарында жүргізген барлау жұмыстарының нәтижесінде бұрын ғылымға белгісіз болып келген 240 ескерткішті ашып, ғылыми айналымға енгізді. Соның нәтижесінде Жамбыл облысынан ашылып, есепке алынған археологиялық ескерткіштердің саны 1080-ге жетті. Есепке алынған ескерткіштердің қатарында тас ғасырының тұрақтары, қола, ерте темір ғасыры мен ортағасырлық обалар, оба қорымдары, ежелгі және ортағасырлық елді мекендер, қалалар мен бекіністер, төрткүлдер мен қарауыл мұнаралары, жар тастарға салынған суреттер бар. Тас ғасырының тұрақтары Қаратаудың тау алды жазықтарында және далалық жазықтарда кездеседі. Тастан, тас аралас топырақтардан үйілген әр түрлі тарихи кезеңдердің обалары тау шатқалдарында, тау үстінде, тау алды жазықтарында және өзендер мен көлдердің жағаларында орналасқан. Қола, ерте темір және ортағасырлық жартастарға салынған сурет орындарын Желтау, Айтау, Хантаулары мен Қаратау және Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі шатқалдардан және тау алды жазықтарындағы қой тастардан кездестіруге болады. Ортағасырлық елді мекендер мен қалалар Талас Алатауының солтүстік беткейімен жүрген Ұлы Жібек жолының бойында және Шу мен Талас өзендерінің аңғарларында орналасқан.


Прикрепления:
Категория: | Просмотров: 2356 | Добавил: Baxa | Дата: 20.04.2012 | Комментарии (0)

Copyright MyCorp © 2024
САЙТ ІШІНДЕ ІЗДЕУ
ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР
ӘРІПТЕСТЕР
ХАБАРЛАНДЫРУ